Справочник Пользователя для Philips HR-1851

Скачать
Страница из 106
42
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a
  Итергіш
B
  Тамақ салатын түтік
C
  Қақпақ
D
  Сүзгі
E
  Шырын жинағыш
F
  Алынатын түтік
g
  Қысқыштар
H
  Жүргізуші тұтқа
i
  Мотор бөлігі
J
  Тоқ сымын сақтайтын орын
k
  Бақылау түймесі 
l
  Қабықтарды жинайтын контейнер 
M
  Алынатын көбік ажыратқышы бар шырын құмыраны 
Маңызды
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны 
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
 - Мотор бөлігін суға немесе басқа да сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз, сондай-ақ, оны 
ағынды судың астында жууға болмайды. Мотор бөлігін ылғал шүберекпен тазалаңыз.
Ескерту
 - Құрылғыны қосар алдында, құралда көрсетілген қуат, жергілікті қамтамасыз етілетін қуатқа 
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
 - Егер тоқ сымы, шанышқысы немесе құралдың басқа бөлшектері зақымдалған болса, құралды 
қолданбаңыз.
 - Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips компаниясы 
ұсынған қызмет орталығында сол компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі 
бар маман алмастыру керек.
 - Физикалық мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар 
(балаларды қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның 
қадағалауымен немесе құралды қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана 
қолдануына болады.
 - Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
 - Құралды қадағалаусыз қолдаңбаңыз.
 - Қолданар алдында сүзгіні әрдайым тексеріп тұрыңыз. Егер сіз сүзгіде зақым байқасаңыз, 
немесе сүзгінің басқалай зақымдалғанын көрсеңіз, құралды әрі қарай қолданбаңыз, жақын 
жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.
 - Қоректендіргіш түтікке құрал жұмыс жасап тұрған кезде ешқашан саусақтарыңызды 
немесе басқа заттарды салмаңыз. Бұл мақсатпен тек итергішті ғана қолданыңыз.
 - Сүзгі негізінде орналасқан кішкентай пышаққа қолыңызды тигізбеңіз. Олар өте өткір.
абайлаңыз
 - Бұл құрылғы тек үйде қолдануға арналған.
 - Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ 
Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай 
ҚазаҚша