Справочник Пользователя для Zanussi ZEE 3921 IXA

Скачать
Страница из 40
• Диаметрі пісіру алаңының диаметрінен
кіші ыдысты пайдаланбаңыз, қызудың
əсерінен ыдыстың тұтқасы ысып кетуі
мүмкін.
• Кəстөлдерді басқару панеліне тым
жақын қоюға болмайды.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Орнықсыз ыдыстарды қолданбаңыз,
аударылып кетіп, жазатайым жағдай
орын алуы мүмкін.
• Тұтанғыш сұйықтарды (немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды) жəне материалдарды немесе
балқығыш заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) құрылғының
қасына немесе үстіне, ішіне қоймаңыз.
Жарылыс немесе өрт шығу қаупі бар.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-
жарақтарды ғана қолданыңыз.
• Құрылғыны жақын розеткаларға
жалғаған кезде абай болыңыз. Электр
сымдарын құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тигізбеңіз. Электр сымдарының
оратылуына жол бермеңіз.
Құрылғыға нұқсан келтірмеу
жолдары
• Сірке суы, лимон шырыны немесе əк
дағын кетіретін құралдар тəрізді
құрамында қышқылы бар заттарды
пешке тигізбеңіз. Бұндай заттардан
ақтаңдақ із қалады.
• Ыдыстың су қақпақтарын пештің үстіне
қоймаңыз жəне ыстық ыдстарды пештің
үстіне қойып салқындатпаңыз. Себебі
конденсат тұрып, тот басуы мүмкін.
• Ыдыстарға жəне пештің үстіне нұқсан
келмес үшін ыдыстардың ішіндегісін
əбден сарқылғанша қайнатпаңыз.
• Пештің үстін еш ыдыссыз не бос ыдыс
қойып пайдаланбаңыз.
• Құрылғының ешбір жерін алюминий
қаңылтырмен жаппаңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян
келмес үшін
– Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
– Қорек сымын құрылғыға жалғанған
жерінен кесіп алып тастаңыз.
– Құрылғыны тастау үшін жергілікті
қоқысты тастауға жауапты мекемеге
хабарласыңыз.
Орнату
Орнату
Назарыңызда болсын! Нұсқауларды
оқып, бұлжытпай орындаңыз. Адам
жарақат алуы немесе құрылғы бүлініп
қалуы мүмкін.
• Құрылғының тасымалдау кезінде
бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген
құрылғыны іске қоспаңыз. Қажет болса,
жеткізушіге хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнату жəне электр
желісіне қосу жұмыстарын білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
• Кіріктірілген құрылғыларды, аспапты
дұрыс қондырылған құрылғыларға жəне
стандартты талаптарға сай келетін
жұмыс алаңдарына құрастырғаннан
кейін ғана пайдаланыңыз.
• Осы құрылғының техникалық
сиапттамаларын өзгертуге немесе
түрлендіруге болмайды. Адам жарақат
алуы немесе құрылғы бүлініп қалуы
мүмкін.
• Құрылғы пайдаланылатын елде
қолданылатын заңдарды, жарлықтарды,
нұсқаулар мен стандарттарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта өңдеуден
өткізу ережелері, электрлік қауіпсіздік
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
 
3
www.zanussi.com