Инструкции По Безопасности для Brother HL-L9200CDWT

Скачать
Страница из 21
2
Құжаттамада пайдаланылған таңбалар мен 
шартты белгілер
1
Келесі таңбалар мен шартты белгілер құжаттамада пайдаланылған.
Өнімде белгіленген барлық ескертулер мен нұсқауларды орындаңыз.
 
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ белгісі алдын алмаған жағдайда 
өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі 
мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
 
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ белгісі алдын алмаған 
жағдайда кіші немесе орташа жарақатқа 
əкелуі мүмкін қауіпті жағдайды білдіреді.
МАҢЫЗДЫ
МАҢЫЗДЫ белгісі алдын алмаған 
жағдайда өнімге зақым келтіруі немесе 
өнім қызметін жоғалтуы мүмкін ықтимал 
қауіпті жағдайды білдіреді.
ЕСКЕРТПЕ
Ескертпелер орын алуы мүмкін жағдайға 
əрекет ету жолын айтады немесе 
əрекеттің басқа мүмкіндіктермен жұмыс 
істеу жолы туралы кеңестер береді.
ЕСКЕРТПЕ
• Барлық үлгілер барлық елдерде бола 
бермейді.
• Осы нұсқаулықтағы мысал суреттер 
HL-L8350CDW жəне MFC-L8850CDW 
үлгілерін көрсетеді.
 
 
Электр қатері белгішелері 
ықтимал ток соғуынан 
сақтандырады.
 
Өрт қатері белгішелері өрттің 
ықтималдығын ескертеді.
 
Ыстық бет белгішелері өнімнің 
ыстық бөліктеріне тимеуді 
ескертеді.
 
Тыйым салу белгішелері 
орындалмауы тиіс əрекеттерді 
көрсетеді.
Қалың
Қалың қаріп өнімнің басқару 
панеліндегі немесе 
компьютер экранындағы 
арнайы түймелерді 
білдіреді.
Көлбеу
Көлбеу қаріп маңызды 
нəрсені ерекшелейді немесе 
қатысты тақырыпқа сілтеме 
береді.
Courier 
New
Courier New қарпіндегі мəтін 
өнімнің СКД дисплейіндегі 
хабарларды білдіреді.