Инструкции По Безопасности для Brother HL-L8350CDW

Скачать
Страница из 21
3
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе
1
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету 
үшін жинақталған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер ескертусіз 
өзгертілуі мүмкін.
Соңғы нұсқаулықты алу үшін, http://solutions.brother.com/ мекенжайына өтіңіз.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
1
Өнімді үстел сияқты діріл жəне соққы жоқ тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Өнімді телефон 
розеткасына (тек MFC) жəне стандартты жерге жалғанған электр розеткасына жақын 
қойыңыз. Температура 10 жəне 32 °C аралығында, ал ылғалдылық 20-80 % 
(конденсациясыз) аралығында болатын орынды таңдаңыз.
ЕСКЕРТУ
 
Өнімді тікелей күн сəулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға, 
ылғалға немесе шаңға тастауға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе 
өрт қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ол өнімді зақымдауы жəне/немесе оны бұзуы 
мүмкін.
 
 
Өнімді ысытқышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға немесе 
суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт қатерін 
тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан туындаған 
конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
 
 
Өнімді химиялық заттарға немесе химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға 
БОЛМАЙДЫ. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе сұйықтықтар корпусты 
жəне/немесе кабельдерді ерітуі немесе бұзып, өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. 
Сондай-ақ, олар өнімді бұзуы немесе түсін кетіруі мүмкін.