Краткое Руководство По Установке для Brother PDS-5000

Скачать
Страница из 15
13
Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
Сканерленген құжаттардың 
нақты көшірмесіне қатысты 
ескертпе
Құжатты сканерлегеннен кейін, сəйкес сканерлеу 
деректерінің мұқияттылығы мен сапасы 
сканерленген деректердің өлшемін, қамтылған 
сурет деректерінің мөлшерін, суреттің анықтығын, 
түстерін, т.б. деректерін растау арқылы 
қажеттіліктерге сəйкес екендігін тексеріңіз.
Түпнұсқа құжатты жоймас бұрын, əрқашан 
сканерленген деректерді тексеріңіз.
Сканерленген деректің бөлігі жоғалған немесе 
зақымдалған болуы мүмкін, сондықтан барлық 
нұсқауларды мұқият оқып, келесіні еске сақтаңыз:
Құжаттың жағдайына байланысты құжат 
сканерлеу кезінде көнерген, пішімі өзгертілген, 
ластанған немесе қисайған болуы мүмкін. 
Мұндай жағдайда сканерленген деректердің 
кейбірі немесе барлығы жоғалуы мүмкін.
Құжатта ешбір қыртыстың, бүгілудің немесе 
тесіктердің жоқтығын тексеріңіз.
Аппараттың іші лас болса, құжат сканерлеу 
кезінде көнерген, пішімі өзгертілген, ластанған 
немесе қисайған болуы мүмкін. Мұндай 
жағдайда сканерленген деректердің кейбірі 
немесе барлығы жоғалуы мүмкін.
Аппараттың ішін мұқият жəне жиі тазалап 
тұрыңыз.
Құжат өлшемі, сканерлеу ажыратымдылығы, 
түске қатысты параметрлер, бір жағын немесе 
екі жағын сканерлеу параметрлері, сканерлеу 
аумағын автоматты түрде таңдау, бос бетті 
өткізіп жіберу, т.б. сияқты сканерлеу 
параметрлеріне байланысты келесі əрекеттер 
туындауы мүмкін:
• Суреттің ажыратымдылығы тым нашар 
болса, мəтін анық емес немесе түсініксіз 
болуы мүмкін.
• Түсті құжаттың сканерлеу деректері ақ-қара 
түсте түсірілуі мүмкін.
• Екі жақты құжаттың бір-ақ жағы түсірілуі 
мүмкін.
• Құжаттың бөлігі сканерленбеуі мүмкін 
немесе өлшемі тым кішкентай болуы 
мүмкін.
• Құжат нақты нүктеге дейін ғана сканерленуі 
мүмкін жəне одан кейінгі сканерленген 
деректер жоғалуы мүмкін.
• Бос беттердің жойылмауы мүмкін немесе 
беттер қажет болса да, жойылуы мүмкін.
• Жақтаулар сканерленген деректердің 
бұрыштарына қосылуы мүмкін.
Сканерлеу параметрлерін конфигурациялау 
жолы туралы ақпарат алу үшін «User’s Guide» 
(Пайдаланушы нұсқаулығы) құжатын қараңыз.
Құжаттың (қыртыстар, бүктелулер немесе 
тесіктер болуы сияқты) жəне тұтынылатын 
бөліктерінің жағдайына байланысты бірнеше 
құжат беттерін бірден жүктеуге болмауы 
мүмкін, нəтижесінде сканерленген деректерде 
кейбір беттердің жоғалуы мүмкін.
Құжатта ешбір қыртыстың, бүгілудің немесе 
тесіктердің жоқтығын тексеріңіз.
Барлық тұтынылатын бөліктерін жүйелі түрде 
ауыстырып отырыңыз.
Ұсынылған нұсқауларда жоқ құжаттарды 
сканерлегенде немесе құжаттың (қыртыстар, 
бүктелулер немесе тесіктер болуы сияқты), 
тұтынылатын бөліктерінің немесе аппараттың 
ішіндегі қағазды беру механизмдерінің 
жағдайына байланысты құжаттар сканерлеу 
кезінде аппараттың ішінде кептеліп қалуы 
мүмкін. Мұндай жағдайда сканерленген 
деректердің кейбірі немесе барлығы жоғалуы 
мүмкін. (Құжаттар қағаз кептелісі нəтижесінде 
бүлінуі мүмкін.)
Қолданыстағы құжаттар туралы ақпаратты 
«User’s Guide» (Пайдаланушы нұсқаулығы) 
құжатындағы «Acceptable Documents» 
бөлімінен қараңыз.
Флюоресцентті маркермен белгіленген 
құжаттарды сканерлеген кезде, белгіленген 
аймақтары маркер сиясының түсіне жəне 
қанықтылығына байланысты сканерленген 
деректерде дұрыс көрінбеуі немесе маркер 
сиясының дұрыс көшірілмеуі мүмкін.
Сканердің ажыратымдылығын өзгерту арқылы 
қалаған нəтижелерге қол жеткізуіңізге болады. 
Ажыратымдылық параметрлері туралы 
ақпаратты «User’s Guide» (Пайдаланушы 
нұсқаулығы) құжатынан қараңыз.