Справочник Пользователя для Samsung 350 Вт., 5,1-канальный Беспроводной Изогнутый Саундбар HW-J8500

Скачать
Страница из 99
25
KAZ
ФУНКЦИЯЛАР
 
● Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
 
● Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.
 
● Тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу мүмкін емес.
 
● Soundbar жүйесін Bluetooth құрылғысына жұптағаннан кейін, құрылғының сканерленген 
құрылғылар тізімінен 
"[Samsung] HW-Jxxxx" тармағын таңдау Soundbar жүйесін BT режиміне 
автоматты түрде өзгертеді.
 - Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының жұпталған құрылғыларының тізімінде болса ғана 
қолжетімді. (Bluetooth құрылғысы мен Soundbar бұрын кем дегенде бір рет жұпталуы қажет.)
 
● Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының ізделген құрылғылар тізімінде Soundbar көрсетілген 
кезде ғана пайда болады 
BT READY.
 
● TV SoundConnect режимінде Soundbar жүйесін басқа Bluetooth құрылғысына жұптау мүмкін емес.
BLUETOOTH ҚҰРЫЛҒЫСЫН SOUNDBAR ҚҰРАЛЫНАН 
АЖЫРАТУ ҮШІН
Bluetooth құрылғысын Soundbar құралынан ажырата аласыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының 
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
 
● Soundbar құралы ажыратылады.
 
● Soundbar Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, Soundbar алдыңғы дисплейде 
BT DISCONNECTED 
хабарын көрсетеді.
SOUNDBAR ҚҰРАЛЫН BLUETOOTH ҚҰРЫЛҒЫСЫНАН 
АЖЫРАТУ ҮШІН
BT режимінен басқа режимге ауысу немесе Soundbar динамигін өшіру үшін қашықтан басқару құралындағы 
SOURCE түймесін немесе өнімнің жоғарғы панеліндегі 
 түймесін басыңыз.
 
● Қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды тоқтатпастан бұрын Soundbar құралынан жауапты белгілі бір 
уақыт күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін)
 
 
● Bluetooth байланысы режимінде Soundbar пен Bluetooth құрылғысының арасындағы қашықтық 10 
м артса, Bluetooth байланысы жоғалады.
 
● Дайын күйінде 15 минут тұрғаннан кейін Soundbar құралы автоматты түрде өшеді.
 
+
Bluetooth туралы қосымша ақпарат
Bluetooth — Bluetooth-үйлесімді құрылғыларға бір бірімен қысқа сымсыз қосылымды пайдаланып оңай 
қосылуға мүмкіндік беретін технология.
 
● Bluetooth құрылғысы мынадай жағдайда қолданысқа байланысты шуды немесе дұрыс жұмыс істемеуді 
тудыруы мүмкін:
 - Егер дене бөлігі Bluetooth құрылғысының немесе Soundbar құралының қабылдау/тасымалдау 
жүйесімен байланыста болғанда.
 - Қабырға, бұрыш немесе кеңсе бөлгіштері арқылы туындаған кедергілерден электрлік өзгеріске 
байланысты болады.
 - Медициналық құралды, микротолқынды пешті және сымсыз жергілікті желіні қоса бірдей жиілік 
диапазонындағы құрылғылардан болған электрлік жиілікке әлсіз болады.
 
● Soundbar құралын жақын қашықтықты сақтай отырып Bluetooth құрылғысымен жұптастырыңыз.
 
● Soundbar құралы мен Bluetooth құрылғысы арасындағы қашықтық алыстаған сайын сапа нашарлайды.  
Егер қашықтық Bluetooth жұмыс ауқымынан асса, қосылым жоғалады.
 
● Нашар қабылдау сезімталдығы аймақтарында Bluetooth қосылымы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
 
● Bluetooth байланысы тек құрылғыға жақын болған кезде істейді. Егер қашықтық осы ауқымнан тыс болса, 
қосылым автоматты түрде қиылады. Осы ауқым ішінде болғанда да, дыбыс сапасы қабырғалар немесе 
есіктер сияқты кедергілер арқылы төмендеуі мүмкін.
 
● Бұл сымсыз құрылғы оны пайдалану кезінде электр кедергілерін туғызуы мүмкін.