Справочник Пользователя для Samsung 320 Вт., 4.1-канальный Беспроводной Изогнутый Саундбар HW-J7500
31
30
ФУНКЦИЯЛАР
+
Егер UPDATE хабары көрсетілмесе
1. Soundbar құрылғысын өшіріп, жаңарту файлдары бар USB сақтау құрылғысын Soundbar құрылғысының
USB портына қосыңыз.
2. Қуат сымын ажыратып, оны қайта қосыңыз, одан кейін құрылғыны қосыңыз.
● Микробағдарлама жаңартуы бар USB құрылғысын негізгі құрылғыдағы USB портына кіргізіңіз.
● USB сақтау құрылғысында Soundbar қолдайтын дыбыс файлдары сақтаулы болса, ішкі
бағдарламалық құралдарды жаңарту дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
● Жаңартулар қолданылып жатқанда қуатты ажыратпаңыз немесе USB құрылғысын шығарып
алмаңыз. Ішкі бағдарламалық құралдарды жаңарту аяқталғаннан кейін, негізгі құрылғы автоматты
түрде өшеді.
● Жаңарту аяқталған соң, Soundbar құрылғысындағы пайдаланушы реттеуі баптандырылады.
Жаңартудан кейін оңай қалпына келтіру үшін, параметрлерді жазып алуды ұсынамыз. Ішкі
бағдарламалық құралдар жаңартылғанда, сабвуфер байланысы да бастапқы қалпына келетінін
ескеріңіз. Сабвуферге қосылым жаңартудан кейін автоматты түрде қайта орнатылмаса, 17-бетті
қараңыз. Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту орындалмаса, USB жад картасының ақаулы емес
екендігін тексеріңіз.
● Mac OS пайдаланушылары USB пішімі ретінде MS-DOS (FAT) пайдалануы тиіс.
● Өндірушіге қарай, USB құрылғысына қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ЖАҢАРТУ
Soundbar құрылғысы өшірулі болса да, Soundbar құрылғысы ең соңғы бағдарламалық құрал нұсқасын
іздейді және ол Интернетке қосулы болса, жаңартуды жалғастырады.
● Soundbar құрылғысы әдепкі бойынша автоматты түрде жаңартуға конфигурацияланған.
● Автоматты түрде жаңарту функциясын пайдалану үшін Soundbar құрылғысы Интернетке қосулы
болуы қажет.
● Егер Soundbar құрылғысының қуаты ажыратылса немесе қуат өшіп қалса, Wi-Fi қосылымы
тоқтатылады. Қуат өшірілген жағдайда Soundbar құрылғысын қосып, оны қайта жалғаңыз.