Справочник Пользователя для Samsung RT6000К Верхняя морозильная камера с технологией Twin Cooling Plus™, 542 Л

Скачать
Страница из 156
Казақ  15
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
•  Ультракүлгін LED шамына ешқашан ұзақ уақыт тура 
қарамаңыз.
-  Себебі ультракүлгін сәулелердің әсерінен көзіңіз талығуы 
мүмкін.
•  Тоңазытқыштың сөресін төңкеріп қоймаңыз. Сөренің тірегіші 
жұмыс істей алмайды.
-  Шыны сөре құлап кетіп, адам жарақат алуы мүмкін.
•  Саусақтарыңызды "қыстыратын аумақтардан" алыс ұстаңыз. 
Есіктер мен корпустың арасына қажетіне орай шамалы орын 
қалдырылған. Балалар жақын жерде болса, есіктерді байқап 
ашыңыз.
•  Газ жылыстап шыққанын байқасаңыз, ашық от көзінің 
немесе басқа да газды тұтандыруы мүмкін заттардың жоқ 
екенін тексеріңіз де, құрылғы тұрған бөлмені бірнеше минут 
желдетіңіз.
-  Құрылғыға немесе қуат сымына қол тигізбеңіз.
-  Желдеткішті қолданбаңыз.
-  Жарқыл пайда болып, жарылысқа немесе өртке ұласуы 
мүмкін.
•  Өндіруші немесе оның қызмет көрсету агенті жеткізген LED 
шамдарын ғана қолданыңыз.
•  Бөтелкелерді құлап қалмас үшін бір-біріне өте жақын 
орналастырып қою керек.
•  Бұл тек үйде тағам сақтауға арналған құрылғы.
•  Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге 
әрекет етпеңіз.
-  Рұқсат етілмеген өзгерістер енгізілсе, қауіпсіздікке 
қайшы жағдайлар туындауы мүмкін. Рұқсат етілмеген 
өзгерістерден кейін тоңазытқышты қалпына келтірсек, 
бөлшектердің құны мен мен жұмыс ақысын толық аламыз.
Untitled-5   15
2016-03-21     2:49:39