Справочник Пользователя для Samsung SR10, робот-пылесос, 40 Вт

Скачать
Страница из 160
Қазақша 31
Қосымшалар
зарядтау
ЕСКЕРІМ
•  Егер батарея зарядтау кезінде асқын
қызып кетсе, зарядтау уақыты ұзағырақ
болады.
•  Автозарядталу жұмыс істемесе,
төмендегілерді тексеріңіз:
Қуат қосқышын (робот шаңсорғыштың
астындағы) сөндіріп, қайта қосыңыз.
Зарядтағыштың қуат ашасын ағытып,
оны қайта қосыңыз.
Робот шаңсорғыштың зарядтағыш
істіктерінде бөгде заттың бар-жоғын
тексеріп, зарядтағыштың зарядтау
істіктерін құрғақ матамен немесе
шүберекпен тазалаңыз.
Зарядтағыштың жанында шағылысқыш
заттар, орындықтар т.с.с. бар-жоғын
тексеріңіз.
•  Егер робот шаңсорғыш зарядтағыштан
ағытулы күйде қалса, батарея өзінен өзі
таусылады.
Робот шаңсорғышты зарядтағышта
зарядталып тұрған күйде ұстауға
тырысыңыз. (Іссапарға немесе
демалысқа т.с.с. кету тәрізді ұзақ
уақытқа үйден кетуді жоспарлағанда,
төтенше қосқышты өшіріп,
зарядтағышты ағытып қалдырыңыз.)
Қолдану барысында
ЕСКЕРІМ
•  Робот шаңсорғышты пайдалану үшін
қуат қосқышы қосылып тұруы керек.
Егер қуат қосқышын сөндірсеңіз, барлық
параметрлер бастапқы қалпына келеді.
•  Жұмыс істеп тұрған робот шаңсорғыштың
айналасына жатпаңыз.
Қуат шөткесі мен бүйір жақ шөткенің
арасына шашыңыз қыстырылып қалып,
жарақат алуыңыз мүмкін.
•  Робот шаңсорғыш тазалау барысында
табалдырықтарға т.с.с. тіреліп қалуы
мүмкін.
Жұмысты қайта бастау үшін
қуат қосқышын сөндіріп, робот
шаңсорғышты оңай қозғалатын жерге
апарып, қайта тоққа қосыңыз.
•  Робот шаңсорғыш бұрыш, қабырға
мен диванның арасы. т.с.с. тәрізді бара
алмайтын жерлерді толық тазалай
алмайды.
Оларды дұрыс тазалау үшін басқа
тазалау құралын пайдаланыңыз.
•  Робот шаңсорғыш жабысып қалған
қоқысты тазалай алмайды, сондықтан
тазалағаннан кейін еденде кейбір кір-
қоқыс қалуы мүмкін.
Оларды дұрыс тазалау үшін басқа
тазалау құралын пайдаланыңыз.
Ескертпелер мен ескертулер
Қосымшалар
3_SR5000_KK_00734J-00_EV.indd   31
2015-06-04   오전 10:56:21