Справочник Пользователя для Samsung SR10, робот-пылесос, 40 Вт

Скачать
Страница из 160
Қазақша
34
Қосымшалар
 
•  Батареяның кепілдік мерзімі сатылып
алынған кезден бастап 6 ай.
•  Робот шаңсорғыш қайта зарядталатын,
қоршаған ортаға қауіпсіз никель
металының гидриді (NiMH) бар
батареядан қуат алады және шамадан тыс
көп зарядталудың алдын алатын функция,
батареяның қолданыс мерзімін ұзартады.
•  Батарея ұзақ зарядталса және аз жұмыс
жасаса, батареяның қолданыс мерзімі
аяқталуға жақын. Батареяны ауыстыру
үшін жақын жердегі қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
•  Батареяның кепілдік мерзімі, сатылып
алынған кезден бастап 6 ай.
IrDA сенсоры туралы
АбАйлАңыз
•  Галоген шамдары бар жерлерде немесе
сыртта инфрақызыл сигнал бірқалыпты
тасымалданбауы мүмкін.
•  Робот шаңсорғыш 3 түрлі инфрақызыл
сәуле құралдарын қолданады және
сигналы басым басқа құралдардың
қасында жұмыс істемеуі мүмкін.
Инфрақызыл сигнал басымдығы:
Қашықтан басқару пульті > Виртуалды
есік (опция) > Зарядтағыш
•  Робот шаңсорғышты қашықтан басқару
пультімен басқарғанда, робот шаңсорғыш
Виртуалды есік (опция) арқылы
орнатылған көрінбейтін кедергіден өтіп,
сіз қаламайтын жерлерге кіруі мүмкін,
себебі қашықтан басқару пультінің
сигналының басымдығы жоғарырақ.
•  Егер түрлі құрылғылар шағын аумақта
немесе бір біріне тым жақын бірге
пайдаланылса, инфрақызыл сигналдар
бір біріне бөгет жасап, құрылғылардың
жұмысын бұзуы мүмкін.
•  Виртуалды есікті (опция) зарядтағыштан
алыс қойыңыз, себебі Виртуалды есік
зарядтағышқа жақын қойылса, автоматты
зарядтау үрдісін кідіртуі мүмкін.
•  Егер бір уақытта бірнеше робот
шаңсорғыш қатар қолданылса, олар
инфрақызыл сигналдарының бөгеуіліне
байланысты дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
3_SR5000_KK_00734J-00_EV.indd   34
2015-06-04   오전 10:56:22