Справочник Пользователя для Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин)

Скачать
Страница из 445
Глоссарий
439
 Глоссарий
TWAIN
Сканерлер мен бағдарламалық жасақтамаларға арналған өнеркəсіптік 
стандарт. TWAIN стандартына сəйкес бағдарламасы бар TWAIN 
сканерін пайдалану арқылы сканерлеуді бағдарламадан қосуға 
болады. Бұл image capture API Microsoft Windows жəне Apple Mac 
басқару жүйелеріне арналған.
UNC жолы
Бірегей атау беру ережесі (UNC) - Window NT жəне басқа Microsoft 
өнімдерінде ортақ желіге кірудің стандартты жолы. UNC жолының 
пішімі: \\<servername>\<sharename>\<Additional directory>
 URL
Ресурстардың бірегей көрсеткіші (URL) - құжаттардың жəне 
ресурстардың Интернеттегі ғаламдық мекенжайы. Мекенжайдың 
бірінші бөлігі пайдаланылатын протоколды көрсетеді, екінші бөлігі 
ресурс орналасқан IP-мекенжайды немесе домен атауын сипаттайды.
USB
Əмбебап бірізді шина (USB) - USB Implementers Forum, Inc. жасаған 
стандарт, компьютер мен сыртқы құрылғыларды қосу үшін 
пайдаланылады. Параллель порттан айырмашылығы, USB бір 
мезгілде бір компьютер USB портын бірнеше сыртқы құрылғыларға 
қосады.
Су таңбасы
Су таңбасы - қағаздағы көрінетін кескін немесе өрнек, жарықпен 
қарағанда ашық көрінеді. Алғаш рет су таңбалары 1282 жылы 
Италияның Болонья қаласында пайдаланылды; оларды өз өнімдерін 
белгілеу үшін қағаз жасаушылар пайдаланды, пошта маркаларында, 
ақшада жəне басқа үкімет құжаттарында қолдан жасауды болдырмау 
мақсатында пайдаланылды.
WEP
Енгізілген құпиялылық эквиваленті (WEP) - қауіпсіздік протоколы, IEEE 
802.11, сымды жергілікті желідегі қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз 
етеді. WEP радио арқылы деректерді шифрлау арқылы қауіпсіздікті 
қамтамасыз етеді, екі нүкте арасында берілген кезде деректер 
қорғалады.
WIA
Windows кескін архитектурасы (WIA) - басында Windows Me жəне 
Windows XP жүйесінде енгізілген кескін архитектурасы. Сканерлеуді 
WIA сканерін пайдаланып осы операциялық жүйелердің ішінен қосуға 
болады.