Справочник Пользователя для Samsung WW6600K Стиральная машина с функцией Add Wash, 7 кг

Скачать
Страница из 180
Казақ
48 
Ақаулықты түзету
Тексерілетін мәселелер
Егер кір жуғыш машинаға қатысты мәселе пайда болса, әуелі келесі кестені қарап, ұсыныстарды 
қолданып көріңіз.
Ақаулық
Әрекет
Жұмыс істей 
бастамайды.
•  Кір жуғыш машинаның қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Су шүмектерінің ашық екенін тексеріңіз.
•  Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін 
СТАРТ/ПАУЗА (БАСТАУ/ҮЗІЛІС) 
түймесін басып тұрыңыз.
•  Бала қауіпсіздігінің құралы   сөндірулі екеніне көз жеткізіңіз.
•  Кір жуғыш машинаға су құйылар алдында бірнеше рет сырт-сырт еткен 
дыбыс естіледі де, есіктің бекітілгені тексеріледі, содан кейін жылдам 
төгеді.
•  Сақтандырғышты тексеріңіз немесе айырып-қосқышты қайта қалпына 
қойыңыз.
Су жетіспей тұр немесе 
ешбір су құйылмаған.
•  Су шүмегін толық ашыңыз.
•  Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Су құятын түтіктің мұздап қалмағанын тексеріңіз.
•  Су құятын түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
•  Судың қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Цикл аяқталғаннан 
кейін жуғыш зат 
үлестіргіште шамалы 
жуғыш зат қалды.
•  Кір жуғыш машинадағы су қысымының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
•  Жуғыш заттың жуғыш зат үлестіргіштің ортасына салынғанына көз 
жеткізіңіз.
•  Шаю қақпағының дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз.
•  Егер түйіршіктелген жуғыш затты пайдалансаңыз, жуғыш зат 
таңдағыштың үстіңгі жақта тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Шаю қақпағын алып, жуғыш зат үлестіргішті тазалаңыз.
Қатты дірілдейді 
немесе шуыл 
шығарады.
•  Кір жуғыш машинаның тайғанақ емес тегіс, қатты еденге орнатылғанына 
көз жеткізіңіз. Егер еден тегіс болмаса, кір жуғыш машинаның биіктігін 
реттеу үшін реттегіш тіректерді пайдаланыңыз.
•  Тасымал болттарының алынғанын тексеріңіз.
•  Кір жуғыш машинаның басқа затқа тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
•  Кірдің теңгерімі дұрыс екеніне көз жеткізіңіз.
•  Қалыпты жұмыс барысында қозғалтқыштан шуыл шығуы мүмкін.
•  Жұмыс комбинизондарын немесе темірмен безендірілген киімдерді 
жуған кезде шуыл шығаруы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
•  Тиын тәрізді темір заттардан шуыл шығады. Жуып болғаннан кейін осы 
заттарды барабаннан және сүзгінің корпусынан алыңыз.
Ақаулықты түзету
Untitled-4   48
2016-11-07     3:49:08