Справочник Пользователя для Samsung V32F390FIX

Скачать
Страница из 91
Нұсқаулықпен танысуды бастау
Қазақ - 4
Нұсқаулықпен танысуды бастау
Сақтық шаралары 
Сақтық шараларын көрсету үшін қолданылған белгілер
ЕСКЕРТУ
Осы белгімен көрсетілген сақтық шаралары орындалмаған кезде қатты жарақат 
алу немесе тіптен мерт қылатын жағдай орын алуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Осы белгімен көрсетілген сақтық шаралары орындалмаған кезде адам жарақат 
алуы немесе мүлікке нұқсан келуі мүмкін.
 
Бұл әрекетті жасамаңыз.
 
Міндетті түрде орындау керек.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
II сынып өнімі: Бұл белгі жерге қосу (тұйықтау) үшін 
қауіпсіз қосылымның қажет емес екенін көрсетеді.
АШПАҢЫЗ, ЭЛЕКТР ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАЙСЫЗ.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: ЭЛЕКТР ҚАТЕРІН АЗАЙТУ ҮШІН ҚАҚПАҒЫН 
(НЕМЕСЕ АРТҚЫ ҚАҚПАҒЫН) АЛМАҢЫЗ. ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ІШІНДЕ, 
ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙ АЛАТЫН ЕШБІР БӨЛШЕК ЖОҚ. ЖӨНДЕУ 
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА ТАПСЫРЫҢЫЗ.
АТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген 
номиналды кернеудің АТ кернеуі екенін көрсетеді
Бұл белгіше құрылғының ішінде жоғары кернеу бар 
екенін көрсетеді. Осы өнімнің ішкі бөлшектеріне қол 
тигізу қауіпті.
ТТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген 
номиналды кернеудің ТТ кернеуі екенін көрсетеді.
Бұл белгі осы құрылғыны іске пайдалануға 
және күтіп ұстауға қатысты маңызды нұсқаулар 
кітапшасының жинаққа кіргенін көрсетеді.
Назар аударыңыз, Пайдалану үшін нұсқауларды 
қараңыз: Бұл белгі пайдаланушыға қосымша 
қауіпсіздік ақпаратын пайдаланушы нұсқаулығынан 
қарау керек деп нұсқайды.
Тоқ қосылымына байланысты 
 
"
Төмендегі суреттер сізге жалпылама ақпарат беру үшін пайдаланылған және үлгілерге, елдерге байланысты 
әр түрлі болуы мүмкін.
 Ескерту
Нұқсан келген қуат сымын, ашасын 
немесе босап қалған розетканы 
пайдаланбаңыз.
 
● Себебі электр тоғына түсу немесе 
өрт қатері орын алуы мүмкін.
Бір розеткаға бірнеше электр 
құрылғыларын жалғамаңыз.
 
● Себебі, розетка қатты қызып кетсе, 
өрт шығуы мүмкін. 
Қуат сымын тоққа дымқыл қолмен 
қосуға немесе ағытуға болмайды. 
 
● Себебі электр тоғына түсу қатері 
бар.
Қуат сымын мықтап жалғаңыз.
 
● Себебі өрт шығу қаупі бар.
Қуат сымын жерге қосылған розеткаға 
(1 сыныпқа жататын оқшаулағышы бар 
құрылғы үшін ғана) жалғаңыз. 
 
● Себебі электр тоғына түсу не өрт 
қатері орын алуы мүмкін.
Қуат сымын шамадан тыс 
майыстырмауға немесе бұрамауға 
тырысыңыз және оның үстіне өте ауыр 
заттарды қоймаңыз. 
 
● Себебі, зақым келген қуат сымы 
тоққа түсуге немесе өрт қатерін 
тудыруға себеп болуы мүмкін.