Справочник Пользователя для Samsung Xpress C430 Цветной принтер (18/4 стр/м)

Скачать
Страница из 216
48
3. 
Қызмет көрсету
Тонерді қайта тарату
Тонер картриджін пайдалану мерзімі аяқталайын дегенде:
Ақ жолақтар немесе дақтар басып шығарылады жəне/немесе тығыздық жан-жақта əр түрлі болады.
Toner 
көрсеткіш шамы қызғылт сары болып жыпылықтайды. Дисплейге тонердің төмен екендігі жайлы тонерге қатысты хабарлама шығуы 
мүмкін. 
Компьютер экранына компьютердің Samsung Printing Status бағдарламасының терезесі шығып, қай картридждің тонері төмен екенін ескертеді 
(167-
беттегі "Samsung Printer Status бағдарламасын пайдалану" бөлімін қараңыз).
Бұл орын алса картриджде қалған тонерді қайта тарату арқылы басып шығару сапасын уақытша жақсарта аласыз. Кейбір жағдайларда ақ 
жолақтар немесе ашық басып шығару тіпті тонерде қайта таратудан кейін де орын алады.
 
Пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер параметрлеріне немесе моделіне байланысты сіздің құрылғыңыздағыдан басқаша болуы мүмкін. 
Құрылғының түрін тексеріңіз (20-беттегі "Алдыңғы көрінісі" бөлімін қараңыз).
 
 
Алдыңғы қақпақты ашу алдында шығыс тірегін жабыңыз.
Тонер картриджінің орамасын ашу үшін пышақ немесе қайшы сияқты өткір заттарды қолданбаңыз. Олар картридждің барабанына сызат түсіруі 
мүмкін.
Егер тонер киімге тисе, оны құрғақ матамен сүртіңіз жəне киімді суық сумен жуыңыз. Ыстық су тонерді талшыққа сіңдіріп жібереді.
Тіпті тонер бос күйі көрсетілгеннен кейін басып шығару құрылғының ауыр зақымдалуына əкелуі мүмкін.