Справочник Пользователя для Samsung AR09KSFPAWQN

Скачать
Страница из 53
Жаңа кондиционердің мүмкіндіктері
Осы құрылғыны дұрыс тастау 
(Қоқысқа тасталатын электр және электроника құрылғысы)
(Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)
Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған бұл белгі, құрылғыны жəне оның электроникалық керек-
жарақтарын (мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге 
тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Қоқысты дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына келуі 
ықтимал зиянның алдын алу үшін, бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын түбегейлі түрде қайта 
қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. 
Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласып, бұл 
заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін қайда, қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат 
алуы керек. 
Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының шарттары мен талаптарын қарауға тиіс. 
Аталмыш өнімнің жəне оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа тасталатын коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.
 функциясы
 функциясы қуат үнемдеуді жəне жайлы ұйқы қамтамасыз ету арқылы ұйқы 
үшін жайлы температура орнатуға мүмкіндік береді. 
Single User (Жалғыз пайдаланушы)
Үйде жалғыз өзіңіз болған кезде Single User (Жалғыз пайдаланушы) функциясын 
пайдаланыңыз. Single User (Жалғыз пайдаланушы) функциясы инвертер 
технологиясының көмегімен энергия қуатын тұтынуды азайтады жəне компрессордың 
ең жоғары жұмыс істеу сыйымдылығын реттеу арқылы электр қуаты құнын азайтады.
2-Step Cooling (2-қадаммен салқындату) функциясы
2-step cooling (2-сатылы салқындату) функциясы қажетті температураға жету үшін 
бөлмені жылдам салқындатады, одан кейін сіз өзіңізді жайлы жəне салқын сезінуге 
көмектесу үшін желдеткіш жылдамдығын жəне ауа ағыны бағытын автоматты түрде 
реттейді.
Жылдам салқындату/жылыту
Егер сізге салқын/жылу ауаның күшті ағыны қажет болса, жылдам салқындату/
жылыту атқарымын таңдау жеткілікті болады! Бұл арада ауа ағынының жылдамдығы 
максималды болады!
Жайлы салқындату/жылыту
Егер сізге жайлы жəне салқын ауа қажет болса, Comfort (Жайлы) функциясы салқын/
жылы ауаны сізге тікелей үрлейді, сөйтіп сіз өзіңізді жайлы сезінетін боласыз.
Қазақша-2