Справочник Пользователя для Samsung W07 BMF with Digital Inverter Technology, 286 L

Скачать
Страница из 28
04_ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
қауіпсіздік техникасы 
бойынша нұсқаулық
•  Хладагент сыртқа ағып, газ бен ауаның араласуынан отқа қауіпті қоспаның түзілуін 
болдырмау үшін тоңазытқыш орнататын  бөлменің көлемі онда қолданылатын 
хладагенттің мөлшеріне сәйкес келуі қажет.
•  Зақымдану белгілері бар тоңазытқышты ешқашан қоспаңыз. Егер өнімнің жұмыс 
істейтіндігіне күмәндансаңыз,  тоңазытқышты  сатып алған дүкенге хабарласыңыз. 
Тоңазытқыш орнатылған үй-жайдың көлемі тоңазытқыштағы R600a хладагентінің әрбір 8 
грамына 1m3 тең болуы қажет.
•  Нақты тоңазытқышыңыздағы хладагентінің мөлшері тоңазытқыш ішіндегі құжаттық 
мәліметтері бар кестеде көрсетілген.
•  Өнімді қаптауға арналған материалын қоршаған ортаға қауіпсіз әдіспен кәдеге 
асырыңыз.
•  Тоңазытқыш ішіндегі жарықтандыру шамын ауыстырмас бұрын желі шнурының айырын 
розеткадан ажыратыңыз. 
- Олай етпеген жағдайда сізді тоқ соғуы мүмкін.
қатерлі қауіпті ескерту Белгілері
•  Тоңазытқышты ылғалды немесе су тиетін орынға орнатпаңыз.
- Тоңазытқыштың электрлі бөліктерінің оқшаулағыштарының нашарлауы электр  
      тоғының соғуына немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін.
•  Тоңазытқышты күн сәулесі тікелей түсетін немесе ас үй пешінен, жылыту құралдарынан 
және басқа да құрал-жабдықтардан жылу тарайтын жерлерге орнатпаңыз.
•  Тоңазытқышты орнату кезінде оның маңайында барынша еркін кеңістік қалуын 
қамтамасыз етіңіз және оны тегіс жерге орнатыңыз. 
- Егер тоңазытқыш тігінен түзетілмесе, оның ішкі суыту жүйесі дұрыс жұмыс істемейді.
•  Бір розеткаға бірнеше электр құралдарын қоспаңыз. Тоңазытқышты әрқашанда оның 
құжаттық кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес келетін номиналды кернеуіне 
есептелген ауыстыпалы тоқ желісінің жеке розеткасына қосу қажет.
- Бұл тоңазытқыштың ары қарай жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сонымен 
қатар үйдегі электр сымдарына күш түсіп, қатты қызуынан өртке әкеліп соғатын 
жағдайлардың алдын алады.
•  Тоңазытқыштың айырын розеткадан ешқашан желі шнурынан ұстап суырмаңыз. 
Әрқашанда айырдың өзін қатты ұстап розеткадан шығарыңыз. 
- Желі шнурының зақымдануы қысқа тұйықталуға, өртке және/немесе электр тоғы 
соғуына әкелуі мүмкін.
•  Тоңазытқыштың артқы қабырғасымен оқшаулық айырдың қысылып қалмағандығына және 
зақымданбағандығына көз жеткізіңіз.
•  Желі шнурының ауыр заттармен бүгілуіне жол бермеңіз.
- Ол тұтанып кетуі мүмкін.
•  Егер желі шнурының ажыратқышы тозып кетсе немесе басқа да зақымданулар алса, 
онда шнурды жөндеу немесе ауыстыру үшін дереу Samsung Electronics компаниясының 
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
•  Механикалық зақымданулары бар желі шнурын пайдаланбаңыз (жарықшақтар және 
оқшаулағышының бұзылуы).
•  Егер желі шнуры зақымданған болса дереу дайындаушы фирманың қызмет көрсету 
орталығына немесе оның қызмет көрсету агентіне хабарласыңыз.
•  Тоңазытқыштың орнын ауыстыруда желі шнурын тоңазытқыштың дөңгелегімен басып 
кетпеңіз.
•  Желі шнурының айырын розеткаға су қолдарыңызбен сұқпаңыз.
•  Тоңазытқышты тазаламас бұрын немесе жөндеудің алдында желі шнурының ажыратқыш 
айырын розеткадан суырыңыз.
•  Ажыратқыш айырды тазалауда ешқашан дымқыл шүберек қолданбаңыз.
•  Ажыратқыш айырдың метал бөліктерінің үстін шаң немесе басқа да заттардан тазалап 
отырыңыз. 
- Ластанған айырды қолдану өртке әкеліп соғуы мүмкін.
•  Егер тоңазытқыш розеткадан ажыратылған болса, айырды қайтадан розеткаға қосу үшін 
кем дегенде он минуттай күту қажет.
•   Егер электр розеткасының тесіктері «кеңіп кетсе», оған желі шнурының айырын 
сұқпаңыз. 
- Ол электр тоғының соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.
•   Тоңазытқыш орнатылғаннан кейін желі шнурының айыры қолжетерлік жерде тұруы 
қажет.
ЕСКЕРТУ!
ЕСКЕРТУ!