Philips SD700B/00 用户手册
14 KK
6 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
•
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб-
бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips
компаниясына хабарласқанда, құрылғының
жақында болуын және үлгі нөмірі мен
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз
етіңіз.
Қуат жоқ
• Батареяны қайта зарядтаңыз.
Дыбыс жоқ немесе нашар
• Осы өнімде дыбыс деңгейін реттеңіз.
• Қосылған құрылғыда дыбыс деңгейін
реттеңіз.
• Дұрыс дыбыс көзінің таңдалғанын
тексеріңіз.
Өнімнен жауап жоқ
• Өнімді қосыңыз.
• Батареяны қайта зарядтаңыз.
• Алдымен өнімді өшіріңіз, одан кейін
өнімді күту режимінен іске қосу үшін
оны қосыңыз.
Нашар радио сигналын қабылдау
• Өнім мен басқа электр құралдары
арасындағы аралықты алшақтатыңыз.
• Жақсы қабылдау үшін FM антеннасын
AUDIO IN/ ұясына қосыңыз.
• Антеннаны толығымен созып, орнын
реттеңіз.
USB құрылғысына қолдау көрсетілмейді
• USB құрылғысы құрылғымен үйлесімді
емес. Басқасын қолданып көріңіз.
Bluetooth құрылғысы туралы
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы
нашар.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
Жұптау үшін құрылғыда SD700 іздеу сәтсіз
аяқталды.
• PAIRING түймесін үш секунд бойы
басып тұрыңыз, содан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
• Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын
қолдайтын құрылғымен қосылып
қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып,
әрекетті қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып,
ажырайды.
• Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы өнімге жақын орналастырыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
• Кейбір құрылғыларда Bluetooth
қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі
ретінде автоматты түрде ажыратылуы
мүмкін. Бұл өнімнің бұзылғанын
білдірмейді.