Philips 50PFT6510/12 用户手册

下载
页码 116
11
Негізгі мәзір
11.1
Home (Басты) мәзірі туралы
ақпарат
Android TV артықшылықтарын толығымен пайдалану үшін,
теледидарды интернетке қосыңыз.
Android смартфонында немесе планшетінде сияқты Home
(Басты) мәзірі теледидардың орталығы болып табылады.
Home (Басты) мәзірінен кез келген қолданбаны іске қосуға,
теледидар арнасына ауыстыруға, фильмді жалға алуға, веб-
торапты ашуға немесе қосылған құрылғыға ауысуға
болады. Теледидарды орнатуға және елге байланысты
Home (Басты) мәзірінде түрлі элементтер болуы мүмкін.
Home (Басты) мәзірі қатарларда ұйымдастырылады…
Ұсыныстар
 
 
Бірінші қатар таңдаулы бейнелерді, музыкалық
бейнелерді немесе Интернет хиттерін ұсынады. Жеке көру
әдістері негізінде ұсыныстарға рұқсат беру үшін Пайдалану
шарттарында Құпиялылық параметрлерін орнатуға
болады.
 Philips Collection (Philips жинағы)
 
 
Бұл жол қолданбалар ұсыныстарын қамтиды.
 Қолданбалар
 
 
Apps (Қолданбалар) қатары теледидармен бірге келетін
барлық қолданбалардан және Google Play дүкенінен
жүктеп алынған қолданбалардан тұрады. Бұл
қатарда Watch TV (Теледидар қарау), Sources
(Көздер), Media (Медиа) және тағы басқа теледидар
қолданбаларын табуға болады. Соңғы іске қосылған
қолданбалар қатар алдында пайда болады.
 Games (Ойындар)
 
 
Осы жерден теледидар ойынын іске қосуға болады. Егер
ойын жүктеп алынса, осы қатарда пайда болады.
 Параметрлер
 
 
Осы жерден параметрлер таңдауын ашуға болады.
Дегенмен, барлық параметрлерді табу үшін  SETTINGS
пернесін басып, All Settings (Барлық параметрлер) бөлімін
таңдаңыз. Сонымен қатар, осында Help (Анықтама)
бөлімін ашуға болады.
Сондай-ақ, www.support.google.com/androidtv веб-сайтын
қараңыз
11.2
Home (Басты) мәзірін ашу
Home (Басты) мәзірін ашу және элементті ашу…
1 -  HOME түймесін басыңыз.
2 - Элементті таңдап, ашу немесе іске қосу
үшін OK түймесін басыңыз.
3 - Ешқандай әрекетті іске қоспай, «Негізгі» мәзірін жабу
үшін  BACK түймесін басыңыз.
11.3
Іздеу және дауыспен іздеу
«Негізгі» мәзіріндегі  белгішесі арқылы интернеттен
бейнелерді, музыканы немесе кез келген басқа элементті
іздеуге болады. Іздеп жатқан элементті айтуға немесе
теруге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама) бөлімінде
түрлі түсті 
 Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, Voice
Search (Дауыстық іздеу) деп іздеңіз.
11.4
Шектеулі профиль
Теледидарды шектеулі профильге ауыстыру арқылы
кейбір қолданбалардың пайдалануын шектеуге болады.
Шектеулі профиль сіз таңдаған қолданбалардың
пайдалануына мүмкіндік береді. Бұл профильден PIN код
арқылы шығуға болады.
Шектеулі профильге ауысқан теледидар арқылы келесі
әрекеттерді орындау мүмкін емес…
• Рұқсат етілмеген деп белгіленген қолданбаларды табу
немесе ашу
• Google Play дүкеніне кіру
• Google Play Games арқылы емес, Google Play Movies & TV
қызметі арқылы сатып алу
• Google жүйеге кіру мүмкіндігін пайдаланбайтын үшінші
тарап қолданбаларын пайдалану 
Шектеулі профильге ауысқан теледидар арқылы келесі
әрекеттерді орындауға болады…
• Google Play Movies & TV қызметінен сатып алынған
немесе жалға алынған мазмұнды қарау
• Google Play ойындары қызметінен сатып алынған және
орнатылған ойындарды ойнау
• Келесі параметрлерге кіріңіз: Wi-Fi желісі, Сөйлеу және
арнайы мүмкіндіктер
• Bluetooth аксессуарларын қосу 
Теледидардағы Google тіркелгісі жүйеге кірген күйінде
қалады. Шектеулі профильді пайдалану Google тіркелгісін
өзгертпейді.
48