LG H955 业主指南

下载
页码 490
7
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ!
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты
және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану
телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті
болуы мүмкін.
Бұл өнімнің икемділігі қарапайым әрі қалыпты пайдаланумен
шектеледі. Бұл телефонды жоғары қарай 180 градусқа
шектеулі уақытқа майыстыруға болады, бірақ ішке қарай
бүкпеу керек. Дұрыс пайдаланбаудан, оның ішінде әдейі
майыстырудан немесе өнімге ұзақ уақыт күш салудан болған
зақымдар телефон дисплейінің және/немесе басқа бөлшектері
мен функцияларының зақымдалуына алып келуі мүмкін.
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы
қажет болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға
апарыңыз.
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен
не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін.
Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей
болу керек.
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
Түсіріп алмаңыз.