Xerox Phaser 6000 安装指南

下载
页码 33
Қауіпсіздік техникасы 
 
Түсті басып шығарғыш Phiser 6000/6010 
Пайдаланушыға арналған нұсқау
 
 
Электрқауіпсіздік 
 
Жалпы ережелер 
 
ЕСКЕРТУ:
 
Басып шығарғыштың саңылаулары мен тесіктеріне заттарды, 
соның ішінде қағаз түйрегіштерін және қапсырмаларды салмаңыз. Кернеу 
астындағы нүктемен жанасу немесе қысқа тұйықталу өртке немесе электр 
тогына түсуге алып келуі мүмкін. 
 
Ескерту.
 
Оңтайлы өнімділікке жету үшін басып шығарғыштың қуат көзін сөндірмеңіз. 
Бұл қауіпсіз. Сонда да, егер сіз басып шығарғышты ұзақ уақыт ішінде пайдалануды 
жоспарламасаңыз, оны сөндіріп қуат көзі сымының айырын розеткадан алып 
тастаңыз. 
 
Сіздің қауіпсіздігіңізге қатер келесі жағдайларды төнеді:  
 
Қуат көзі сымы зақымдалған немесе тозған.  
 
Басып шығарғышқа сұйық түсті.  
 
Басып шығарғыш суланды. 
 
Басып шығарғыш түтейді немесе үсті қалыптыдан көбірек қызады.  
 
Басып шығарғыш әдеттегіден тыс шу немесе иіс шығарады. 
 
Басып шығарғыштың кесірінен автоматты сөндіруші, сақтандырғыш немесе басқа 
қорғаныс құрылғысы іске қосылады.  
 
Аталған жағдайлардың кез келгені пайда болған кезде келесі әрекеттерді орындаңыз: 
 
Дереу басып шығарғышты сөндіріңіз. 
 
Қуат көзі сымының айырын розеткадан алып тастаңыз. 
 
Уәкілетті сервис орталығына жүгініңіз. 
 
Қуат көзі сымы 
 
Басып шығарғышпен жабдықталатын қуат көзі сымын пайдаланыңыз. 
 
Қуат көзі сымын жерге тұйықталған электр розеткасына тікелей қосыңыз. Сымның 
екі ұшынан да сенімді қосылғанына көз жеткізіңіз. Розетканың жерге тұйықталғаны 
белгісіз болса, оны тексеруді электриктен сұраңыз. 
 
Жерге тұйықталған адаптер айырын жерге тұйықталмаған розеткаға қосу үшін 
пайдаланбаңыз.  
 
Басып шығарғыштың жұмыс кернеуіне есептелген ұзартқыштарды пайдалану керек. 
 
Басып шығарғыштың тиісті кернеуді, қуатты және күшті қамтамасыз ететін розеткаға 
қосылғанына көз жеткізіңіз. Қажет болған жағдайда электрикпен басып шығарғыш 
қуат көзі режимдерін талқылаңыз. 
 
 
ЕСКЕРТУ
: Басып шығарғыштың дұрыс жерге тұйықталуы электр тогына түсіп 
қалуды болдырмауға мүмкіндік береді. Дұрыс емес пайдалану кезінде электр 
құрылғылары қауіп төндіруі мүмкін.