Zanussi OPZA4210B 用户手册

下载
页码 68
Каталитті қаптаманың түсінің
оңуы немесе ондағы дақтар
каталиттің сипаттарына еш әсер
етпейді.
ЕСКЕРТУ!
Тұмшапешті жоғары
температурамен тазалаған кезде
балаларды алыс ұстаңыз.
Тұмшапештің беткі жағы өте
ысып, күйіп қалу қаупі пайда
болады.
Каталитпен тазалау функциясын
қосу алдында тұмшапештің
барлық керек-жарақтарын
алыңыз.
Каталитті қаптамасы бар қабырғалар
өздігінен тазаланады. Бұндай қаптама
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде
қабырғаға шашыраған майды сіңіріп
алады.
Өздігінен тазалау үдерісін жеңілдету үшін
бос тұрған құрылғыны мезгіл-мезгіл
қыздырыңыз.
1. Тұмшапештің табанын жылы су мен
жуғыш затты қолданып тазалап, содан
кейін кептіріңіз.
2.
 функциясын орнатыңыз.
3. Тұмшапешті 250 °C температураға
қойыңыз да, 1 сағат іске қосыңыз.
4. Құрылғы суыған кезде жұмсақ және
ылғалды шүберекпен тазалаңыз.
Тұмшапештің есігін тазалау
Тұмшапештің есігі екі шыны панельден
тұрады. Тұмшапештің есігі мен ішкі шыны
панелін алып тазалауға болады.
Ішкі шыны панельді тұмшапештің
есігін алмай тұрып алғыңыз
келсе, тұмшапештің есігі
жабылып қалуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғыны ішкі шыны панельсіз
пайдаланбаңыз.
Есікті шегіне дейін
ашып, есіктің екі
топсасын ұстаңыз.
1
Қос топсадағы
тетіктерді көтеріңіз
де бұраңыз.
2
Тұмшапештің есігін
бірінші ашу күйіне
жартылай
жабыңыз. Есікті
алға қарай
тартыңыз да,
ұясынан шығарып
алыңыз.
3
Есікті жұмсақ мата
төселген орнықты
жерге қойыңыз.
4
Ішкі шыны панельді
алу үшін бекіту
жүйесін босатыңыз.
5
90°
Екі бекітпені 90°
градусқa бұраңыз
да, ұясынан
шығарып алыңыз.
6
18
www.zanussi.com