Zanussi ZWSG6100V 用户手册

下载
页码 60
Мұздап кетуден сақтау
Құрылғы температурасы 0° градустан
төмен түсетін жерге орнатылса, су құятын
түтіктегі және су төгетін сорғыдағы қалдық
суды төгіңіз.
1. Ашаны розеткадан суырып алыңыз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
3. Су құятын түтіктің екі ұшын ыдысқа
салып, түтіктегі суды ағызыңыз.
4. Су төгетін сорғыны босатыңыз. Суды
төтнше жағдайда төгу қадамдарын
қараңыз.
5. Су төгетін сорғы босаған кезде, су
құятын түтікті қайта орнына қойыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны қайта іске қолданар
алдында температураның 0 °C
градустан жоғары екеніне көз
жеткізіңіз.
Төмен температураға
байланысты орын алған
ақауларға өндіруші
жауапкершілік көтермейді.
Ақаулықты түзету
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кіріспе
Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе
жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Әйтпесе қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Кей ақаулық орын алғанда дыбыстық
сигнал естіледі. Ескерту кодын көрсету
үшін қызыл индикатор (Старт/Пауза
түймешігінің) жыпылықтайды да, цикл
индикаторларының бірі жанады:
 - Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
 - Құрылғының суы төгілмей тұр.
 - Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
Ықтимал ақаулықтар
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
• Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз (егер
бар болса).
16
www.zanussi.com