Thomas Perfect Air Animal (786527) 用户手册

下载
页码 44
Утилизация жөніндегі нұсқаулар | Сервистік қызмет көрсету | Кепілдік
Утилизация жөніндегі нұсқаулар
•  Орама
Орама тасымалдау кезінде шаңсорғыштың зақымдалуынан қорғайды. Ол экологиялық таза 
материалдардан жасалған, сондықтан оны қайта өңдеуге болады. Пайдаланылмайтын орама материалды 
тиісті жинау орындарына өткізіңіз (Grüner Punkt белгісі).
•  Пайдаланылған құрылғылар
Егер THOMAS 
 шаңсорғышының пайдалану мерзімі аяқталса, оны сатушыңызға беріңіз 
немесе қайта өңдеу орталығына жіберіңіз. Онда әлі де болса бағалы қайта өңделетін материалдар бар. 
Утилизация бойынша алдағы ақпаратты сауда ұйымынан немесе жергілікті әкімшіліктен алуға болады.
Кепілдік
Сату-сатып алу келісіміне сай сатушының кепілдік міндеттерінен бөлек, төменде көрсетілген шарттарға сәйкес 
осы құралдың кепілдігін ұсынамыз:
1.   Кепілдік мерзімі бірінші соңғы қабылдаушыға жеткізілген күннен бастап 24 айды құрайды. Ол құралды 
коммерциялық немесе ұқсас пайдалану кезінде 12 айға дейін қысқартылады. Кепілдік бойынша шағым 
айту үшін сауда чегін көрсетуіңіз қажет.
2.   Кепілдік мерзімі ішінде расталған құрылғы ақаулары немесе материал ақаулары себебінен пайда 
болған барлық ірі ақауларды және кемшіліктерді ақаулы бөлшектерді өз таңдауымыз бойынша 
жөндеу немесе ауыстыру арқылы жоямыз; ауыстырылған бөлшектер біздің меншігімізге өтеді. Кепілдік 
шыны немесе пластмассадан жасалған бөлшектеріне, шамдарға берілмейді. Кепілдік мерзімі кезінде 
болған ақаулар туралы тез арада бізге хабарлауыңыз қажет. Жұмыс кезіндегі ақауларды жою үшін 
бөлшектерді ауыстыруға жұмсалған, сондай-ақ кепілдік мерзімі кезінде жұмыс уақытына кеткен 
шығындар есептелмейді. Қызмет көрсету орталығын заңсыз пайдалану кезінде туындаған шығындарды 
тапсырыс беруші өтейді. Тапсырыс берушіде немесе орнату орнында ірі құралдарды ғана жөндеу 
жұмыстары орындалуы мүмкін. Басқа құралдар жақын жердегі қызмет көрсету кеңсесіне, кепілдік 
жөндеу шеберіне тапсырылуы қажет немесе зауытқа жіберу керек.
3.   Судың химиялық не электрохимиялық әсерінен және табиғи аномалиялардың әсерінен пайда болған 
ақаулар болған жағдайда шаңсорғыштың бағасы мен жарамдылығы үшін әсері аз кішкентай ауытқулар 
болғанда кепілдік мерзімі ұзартылмайды. Қарапайым тозу, сонымен қатар пайдалану бойынша 
нұсқауларды орындамау немесе құралды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болған зақымдарға 
кепілдік беруге құқығымыз жоқ.
4.   Біздің компаниямыз тарапынан рұқсат берілмеген тараптар техникалық қызмет көрсетсе не жөндесе, 
кепілдік бойынша шағымдар қабылданбайды.
5.   Кепілдік бойынша жөндеу не қосалқы бөлшектерді орнату шаңсорғыш пен оның компоненттері үшін 
кепілдік мерзімін ұзартуға не жаңартуға негіз бола алмайды: орнатылған қосалқы бөлшектер үшін 
кепілдік мерзімі шаңсорғыштың кепілдік мерзімімен бірге аяқталады. 
6.   Егер заңмен ресми кепілдік міндеттемесі орнатылмаса, кейінгі не басқа талаптар, әсіресе шаңсорғышты 
пайдалану кезіндегі жанама шығынды өтеу туралы талаптар қабылданбайды. 
Кепілдік мерзімі аяқталған соң біз сізге сервистік қызмет көрсетуді қуана ұсынамыз. Құралды сатып алған 
сауда ұйымына немесе біздің қызмет көрсету орталығына тікелей хабарласыңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету
Сатушыңыздан жақын орналасқан THOMAS сервис орталығының мекенжайын сұраңыз.
Оған THOMAS 
 шаңсорғышындағы зауыттық тақташада көрсетілген деректерді беріңіз.
Құралдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жөндеу жұмыстарын, әсіресе ток жүретін бөліктерін 
жөндеуді электрик-мамандар орындауы қажет.
Ақаулар болса, «Совинсервис» ЖШС қызметтік ұйымына, құралды сатып алған сауда ұйымына немесе 
THOMAS зауыттық тұтынушыға қызмет көрсету орталығына тікелей хабарласу қажет.
Техникалық мәліметтер
Түрдің белгісі 
786/N
Электр қуаты: 
230 В, 50 Гц
Тұтынылатын қуат: 
Номиналды қуат: 1400 Вт
 
макс. қуат: 1700 Вт
Электр шнурының ұзындығы (көлденең қима):  8 м (2×1,0 мм²)
Құрал өлшемдері (Ұ×Е×Б): 
(486×318×306 мм)
Құрылғының бос кезіндегі салмағы: 
шамамен 7 кг
Лас суға арналған ыдыс көлемі: 
1,9 л
43
THOMAS 
THOMAS