Redmond RMG-CBM 1225 用户手册

下载
页码 20
14
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият 
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, 
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•  Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін ұстан-
баудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
•  Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының өндірістік не-
месе кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану ереже-
лерінің бұзылысы болып табылады.
•  Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректе-
нуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның тех-
никалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
•  Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз — 
параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің 
тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•  Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжыту 
кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, ашасынан 
құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
•  Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүргіз-
беңіз. Электр бауы
•  бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың бұрыштары мен 
шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымдасаңыз, 
кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен қатар 
электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымданған 
электр бауы сервис-орталықта жылдам ауыстыруды талап етеді.
•  Электр қуат беру сымына зақым келген кезде қауіптілікті болдырмау үшін оны 
әзірлеуші немесе оның агенті, немесе осыған ұқсас білікті тұлға ауыстыруы керек .
•  Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз — бұл 
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
•  Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы корпусының 
ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың айналып тұрған бөлшектеріне қол 
тигізбеңіз! Айналуы толық тоқтағанын күтіңіз. Өнім беруге арналған 
қуысқа бөгде заттарды салмаңыз. Қолдану кезінде мұқият болыңыз.
•  Құралдың сынуын немесе жарақатты болдырмау үшін бөгде заттар неме-
се қолмен жүктеу қуысына тығындамаңыз. Ол үшін жиынтық ішіне кіретін 
итергішті қолданыңыз.
•  Құралды құлағаннан кейін немесе жұмысында ақаулық пайда болған 
кезде, тұрқында немесе электр қуат алу сымында көзге көрініп тұрған 
зақымдары болған кезде пайдалануға тыйым салынады. Кез келген ақау-
лық пайда болған кезде, құралды электр желісінен ажыратыңыз және 
сервистік орталыққа барыңыз.
•  Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және 
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқаулықтар-
ды қатаң ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге ТЫЙ-
ЫМ САЛЫНАДЫ!
•  Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында болмаған 
балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ, сонымен қатар физикалық, 
сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдардың пайдалануына арнал-
маған. Балаларды қосылып тұрған аспаптың қасында қараусыз қалдырмаңыз.
•  Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге тый-
ым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстарды 
авторландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз жасалған жұмыс 
аспаптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақау болғанда пайдалануға 
тыйым салынады.