Polaris PWK 1539 CA Crystal 用户手册

下载
页码 20
 
16 
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  тоқ  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосады. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз 
ету  үшін    жерге  тұйықтау    бекітілген  электротехникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын  пайдалануға болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғандығына көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  «ӨШІРУ» белгісінде  тұрғанына көз жеткізіңіз.   
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралдың  сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып қалса  
әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден  ажыратуға  тиым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсель    ашасынан 
ұстаңыз.   
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра  орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда сақтау 
үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті  мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра 
алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны    қауiп-қатерге 
ұшыратуы  мүмкін. 
 
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының  білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
 
Шәйнекті тек қана  суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды  басқа сұйықтықпен  ешқашан 
толтырмаңыз. 
   Ешқашан да  суы жоқ шәйнекті қоспаңыз.  
Назар  аударыңыз!  Сіздің  шәйнегіңіз  күйіп  кетуден  сақтандыру  жүйесімен    жабдықталған. 
Егер шәйнекті су аз немесе жоқ болса, ол  автоматты түрде  сөнеді. Егер бұл орын алса, шәйнек 
суығанша кем дегенде жарты сағаттай күте тұрыңыз,  содан кейін су құюға болады. 
 
Тек қана суық суды құйыңыз.  
 
Шәйнекті қабырғаға таяу, бөлменің бұрышына, салбырап тұрған тақтайлардың немесе ас үйлік 
шкафтардың астына  қоймаңыз. 
 
Шәйнекті  тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз.      
 
Шәйнекті max  белгісінен асыра және  0.5 л. белгісінен төмен толтырмаңыз.  Егер шәйнекке су  
тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кетеді.   
 
Салбырап  тұрған  сымдар  оқыс  оқиғалардың    себепкері  болуы  мүмкін,  әсіресе,  егер  сымды 
балалар  тартқылаған  болса.  Шәйнекті  үстелдің  шетінен/жұмыстық  қабаттан  барынша  алыс   
жұмыстық қабатқа қойыңыз. 
 
Ешқашан шәйнекті қақпақсыз  қолданбаңыз және  қызу кезінде қақпақтың мұқият жабылғанын  
қадағалаңыз. 
 
Шәйнек түпқоярда тұрған кезде ешқашан су құймаңыз.  
 
Құрал жұмыс істеп тұрғанда ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз.