Philips HR 1871 用户手册

下载
页码 136
54
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome 
веб-торабында тіркеңіз.
Шырын сыққыш шырын мөлшерін көбейтіп, тазалау жұмысын азайту мақсатында жасалған. 
Ол алуан түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің шырынын алып, рецептердің көп түрін сеніммен 
қолдану мүмкіндігін береді. 
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
Итергіш
Азық салатын түтік
Қақпақ
Сүзгі
Шүмегі бар шырын жинағыш
Ұлпа терезесі
Ұлпа жиналатын ішкі ыдыс
Жетек вал
Бекіту тетігі
Мотор
Басқару тұтқасы
Ток сымын сақтау бөлігі
Тамшыларды тоқтату функциясы бар алынатын шүмек
Шүмек қосымшасы
Шырын құмырасы
Көбік бөлгіші бар шырын құмырасының қақпағы
Маңызды ақпарат
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті!
 
- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, ағын сумен шаюға да болмайды.
 
- Моторды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
абайлаңыз!
 
- Құрылғыны қосар алдында, оның негізінде көрсетілген кернеу жергілікті кернеу мөлшеріне 
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
 
- Егер ток сымы, штепсельдік ұшы немесе басқа бөлшектері зақымдалған болса, 
құралды қолданбаңыз.
 
- Ток сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін, оны тек Philips қызмет көрсету 
орталығында, Philips ұсынған қызмет көрсету орталығында немесе тиісті білімі бар 
мамандар алмастыру керек.
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 
нұсқауларынсыз, мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі, сондай-ақ білімі мен тәжірибесі аз 
адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбау керек.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
 
- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса, құралды әрі қарай қолдануға болмайды. 
Жақын жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.
 
- Құрал жұмыс жасап тұрған кезде, еш уақытта азық салатын түтікке саусақтарыңызды немесе 
басқа затты салмаңыз. Ол үшін итергішті ғана қолданыңыз.
 
- Сүзгінің негізінде орналасқан кесетін кішкене пышақтарға қолыңызды тигізбеңіз. Олар 
өте өткір.
ҚазаҚша