Scarlett SC-160 R 用户手册

下载
页码 19
IM011 
  
 
SC-160 
18 
НАЗАР: АЛМАСТАРЫ ҰДАЙЫ МАЙЛАҢЫЗ. 
• 
Тері бөріткенде мәшіңкені пайдаланбаңыз. 
• 
Жәндіктерді мәшіңкемен қырықпаңыз. 
• 
Өндіруші  бұйымның  қауіпсіздігіне,  жұмыс  өнімділігі  мен  жұмыс  мүмкіндіктеріне  түбегейлі  әсер  етпейтін 
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады. 
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ 
• 
Бірінші рет тоққа қосар алдында аккумуляторды толық разрядтау және зарядтау қажет.
 
• 
Алғашқы зарядтау уақыты шамамен 14 сағатты құрайды. Әрбір келесі зарядтау уақыты – 7 сағат.
 
• 
Аккумулятордың толық заряды 50 минут жұмыс істеуге жетеді. 
• 
Батареяның  қызмет  мерзімі  шамамен  1  жылды  құрайды  және  машинканың  қаншалықты  қарқынды 
пайдаланылғанына байланысты болады. Тіпті егер машинка пайдаланылмаса да, батареяны кем дегенде 
6 айда 1 рет қайта зарядтаңыз. 
• 
ЕСКЕРТУ!  Машинканы  зарядтау  барысында  пайдалануға  болмайды,  машинка  тек  аккумулятор  арқылы 
жұмыс істейді. 
• 
Аккумуляторды  зарядтау  үшін  машинканы  өшіріңіз,  бұл  үшін  ауыстырып-қосқышты  ортаңғы  қалпына 
қойыңыз  да,  машинканы  қорек  сымы  арқылы  электр  желісіне  қосыңыз.  Сол  кезде  жарық  индикаторы 
жанады.  
ЖҰМЫСЫ 
• 
Алмалы  тарақты  алыңыз  да,  бағыттауыштарды  тиісті  ойықтарға  кіргізіп,  сырт  етіп  түскенше  ақырын 
жылжытыңыз. 
• 
Тарақты жылжыта отырып, қалаған шаш қию ұзындығын (6-17 мм) таңдау үшін 6 қалыптың бірін орнатуға 
болады.  
• 
Тарақтың  орналасқан  қалпын  бекіту  үшін  машинканың  артқы  жағындағы  тарақтың  бекіткішін  жоғары 
жылжытыңыз. 
• 
Сондай-ақ машинкамен тарақсыз да жұмыс істеуге болады. 
• 
Машинканы іске қосу үшін ауыстырып-қосқышты төменгі қалпына қойыңыз. 
• 
Жұмысты  аяқтағаннан  кейін  машинканы  өшіріңіз,  бұл  үшін  режимдерді  ауыстырып-қосқышты  ортаңғы 
қалпына қойыңыз. 
СИРЕТІП ҚЫРҚУ ФУНКЦИЯСЫ 
• 
Шашты қысқартпастан көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 
• 
Сиретіп қырқуға арналған тарақты бері шығару үшін ауыстырып-қосқышты үстіңгі қалпына қойыңыз. 
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР 
• 
Шашты құрғақ күйде қырыққан дұрыс. 
• 
Шашты қырқар алдында жақсылап тарап алыңыз. 
• 
Шашты аз-аздан біртіндеп алып отырыңыз. 
• 
Шаш біркелкі қырқылуы үшін машинка шашты қырқып үлгермей жатып оны жылдам жүргізбеңіз. Шашты 
қырқу кезінде қырқылған шашты тарақпен жиірек тарап түсіріп отырыңыз. 
• 
Машинканың көмегімен шаш қырқу тәсілдері 1-суретте көрсетілген. 
БАТАРЕЯНЫ ТАСТАУ 
• 
Батареяны қоқысқа тастардан бұрын оны аспаптан шығарып алу керек. 
• 
Батареяны алып тастаған кезде аспапты электр желісінен суырып қою керек. 
ТАЗАЛАУ 
• 
Машинканың ұзақ уақыт әрі сенімді жұмыс істеуі үшін әр шаш қырықққан сайын жүздерін арнайы маймен 
үнемі майлап отырған дұрыс. 
• 
Маймен  сылағаннан  кейін  жүздерінің  арасында  майдың  біркелкі  таралуы  үшін  машинканы  өшіріңіз  де, 
олардың біркелкі жүрісін тексеріңіз. Шыққан майды сүртіп алыңыз. 
• 
Майлау  үшін  шашқа  арналған  майды,  тоңмайларды  және  керосин  немесе  басқа  еріткіштер  қосылған 
майларды қолдануға болмайды. 
• 
Машинканы өшіріңіз де, электр желісінен ағытыңыз. 
• 
Жүздерін алып шығыңыз, бұл үшін: 
Машинканы логотипін жоғары қаратып ұстаңыз. 
Саусағыңызды  корпусының  бойымен  алға  жылжыта  отырып,  жүздерінің  үстінен  басыңыз,  сонда  олар 
ағытылады. 
• 
Жүздері мен машинканы қоса берілетін шөткенің көмегімен шаштан тазартыңыз. 
• 
Корпусын құрғақ жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. 
• 
Жүздерін  майлаңыз  да,  машинкаңызға  орнатыңыз.  Жүздерін  орнату  үшін  оларды  орнына  салыңыз  да, 
сырт еткенше басыңыз. 
САҚТАЛУЫ 
• 
Машинканы құрғақ жерде сақтау керек. 
• 
Жүздерін міндетті түрде майлап қою керек. 
 
SL
 
NÁVOD NA POUŽÍVANIE
 
BEZPEČNOSTNÉ OPATRENIA 
• 
Pozorne prečítajte Návod na používanie. 
•  Pred 
prvým zapnutím sa presvedčte, že technická charakteristika, uvedená na výrobku, zodpovedá prarametrom 
elektirckej siete.