Samsung CTR 264 KC 01/BWT 用户手册

下载
页码 96
Казақ - 11
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіштерді пешке шашпаңыз. 
-  Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін тудыруы, өрт шығаруы, 
құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін. 
Құрылғыны раковина немесе шыныдан жасалған осал заттардың үстіне қоймаңыз. 
-  Раковинаға немесе шыны затқа зақым келуі мүмкін. 
Құрылғыдан жаңа ғана алынған тағамның орамын жазар кезде абай болыңыз. 
-  Тағам ыстық болса, оның орамын ашар кезде кенет ыстық бу шығып, күйіп қалуыңыз 
мүмкін. 
Құрылғыны қорек сымынан тартып ағытпаңыз, әрқашан ашасынан мықтап ұстап, 
розеткадан тура шығарып алыңыз. 
-  Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт және/не электр қатері орын алуы 
мүмкін 
Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе қашықтан басқару құралының көмегімен 
басқарылмайды. 
Пеш үстінің элементтеріне тесіле қарамаңыз (Галоген шамы бар үлгілерге ғана 
қатысты).
Қолданып болғаннан кейін, пеш үстінің қыздырғыш элементін тиісті басқару тетігін 
қолданып сөндіріңіз, оны ыдыс анықтағыш құралға сеніп қалдырмаңыз (Ыдыс 
анықтағыш құралы бар үліглерге ғана қатысты).
ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ
Құрылғыға тура су шашып тазалауға болмайды. 
Құрылғыны бензол, сұйылтқыш немесе алкогольмен тазаламаңыз. 
-  Себебі, құрылғының түсі кетіп, деформацияланып, бүлініп немесе электр қатері орын 
алуы, өрт шығуы мүмкін. 
Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындар алдында, құрылғыны розеткадан 
ажыратыңыз. 
-  Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін. 
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен 
тазалайтын құралдарды қолданбаңыз. 
ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ 
Пештің үстін мезгіл-мезгіл тазалап, тағамның қалдықтарын алып отыру керек. 
Пештің үстін таза ұстамасаңыз, оның бетінің сапасы кетіп, уақытынан бұрын істен 
шығып, қатерлі жағдайлар орын алуы мүмкін.
Құрылғыны (сыртын/ішін) тазалау барысында өзіңізге зақым келтіріп алмаңыз.
-  Құрылғының өткір қырларына соғылып қалуыңыз мүмкін. 
Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз. 
-  Тот басуы мүмкін. 
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ 
ЕСКЕРТУ 
02  С
АҚТЫҚ ШАР
А
ЛАРЫ
CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-05_KK.indd   11
2014-07-11     10:28:02