Samsung CTR 264 KC 01/BWT 用户手册

下载
页码 96
Казақ - 29
кепілдік және қызмет 
көрсету
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР ЖӘНЕ АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ 
Ақаулық өзіңіз төмендегі нұсқауларға сүйене отырып түзетуге болатын, болмашы себепке 
байланысты орын алуы мүмкін. Төмендегі нұсқаулар орын алған ақаулықты түзетуге көмектеспесе, 
бұдан кейінгі түзету жұмыстарын өзіңіз орындауға әрекет етпеңіз. 
Құрылғыны тек білікті қызмет көрсету технигі ғана жүзеге асыруға тиіс. Дұрыс жүзеге 
асырылмаған жөндеу жұмыстары, құрылғыны пайдаланушыға елеулі қатер төндіруі 
мүмкін. Егер құрылғыны жөндеу қажет болса, сатып алушыға қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз. 
Пісіру алаңдары жұмыс істемей тұрса не істеуім керек?
Төмендегі тексерулерді орындап көріңіз:
•  Үйдегі электр блогындағы сақтандырғыш (сақтандырғыш қорапшасы) босап тұр. Егер 
сақтандырғыш бірнеше рет ағытылып қалса, білікті электр маманын шақырыңыз. 
•  Құрылғының дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
•  Басқару панеліндегі басқару индикаторларының жанып тұрғанын тексеріңіз.
•  Пісіру алаңының қосылғанын тексеріңіз.
•  Пісіру алаңдарының қажетті қызу параметріне қойылғанын тексеріңіз.
Пісіру алаңдары іске қосылмаса қандай шара қолдануым керек?
Төмендегі тексерулерді орындап көріңіз:
•  On/Off (Қосу/Өшіру) түймешігін басу және қажетті пісіру алаңын қосу аралығында  
10 секундтан көп уақыт өтті (“Құрылғыны іске қосу”)тарауын қараңыз.
•  Басқару панелін жартылай дымқыл шүберек немесе аққан сұйық жауып қалған.
Қалдық қызу индикаторының   бейнебетінен басқасы кенет сөніп 
қалса не істеуім керек?
Бұған төмендегі екі себептің бірі себеп болуы мүмкін:
•  On/Off (Қосу/Өшіру) түймешігі байқаусызда іске қосылған.
•  Басқару панелін жартылай дымқыл шүберек немесе аққан сұйық жауып қалған.
Пісіру алаңдарын сөндіргеннен кейін, бейнебетте қалдық қызу 
көрсетілмесе не істеуім керек?
Төмендегі тексеруді орындап көріңіз:
•  Пісіру алаңы шамалы уақыт қосулы тұрғандықтан жеткілікті түрде қызып үлгерген жоқ. 
Егер пісіру алаңы ыстық болса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. 
Пісіру алаңы іске қосылмаса немесе сөнбесе қандай шара қолдануым 
керек?
Бұған төмендегілердің бірі себеп болуы мүмкін: 
•  Басқару панелін жартылай дымқыл шүберек немесе аққан сұйық жауып қалған.
•  Бала қауіпсіздігінің құралы қосылған.
ЕСКЕРТУ
09  КЕПІЛДІК ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨР
СЕТУ
CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-05_KK.indd   29
2014-07-11     10:28:09