Polaris PMC 0510 AD 用户手册

下载
页码 45
34 
 
Құралды пайдалану 
 
1.  Мультипісіргіштің  бірнеше    функциясы  бар:  сіз  тағамды  суға  пісіріп,  қуыра  аласыз,    дайын 
тағамды жылыта аласыз, буға пісіріп, бұқтырып пісіре аласыз. 
2. Қандай  функцияны таңдағаныңызға қарамастан, тағамды дайындап болғаннан кейін сіз  жылыту  
режимін қолдана аласыз. 
3. Нұсқаулықпен мұқият танысып,  ондағы ережелерді орындаңыз. 
4.  Орамасын  ашыңыз.  Аксессуарлардың  бәрін  және  пайдалану  бойынша    басшылықты  алып 
шығыңыз. Тетікке басып, жоғарғы  қақпақты ашыңыз.  
5. Мультипісіргіштің ішінде орналасқан керамикалық жыбыны бар  ішкі ыдыс (кастрөл), тағамды 
күйдірмей әзірлеуге мүмкіндік береді. 
6. Құралды алғаш рет қолданғанда  бөтен иіс шығуы мүмкін, бұл иіс құралдың ақауы болып 
саналмайды. Бұндай жағдайда құралға су құйып, бір рет қайнатып алыңыз, 1,8- белгіге дейін су 
құйып, «Палау» режимін 30 минутқа орнатыңыз. Содан кейін құралды желіден ажыратып, 30 мин  
сол күйінде ұстаңыз, сосын қақпаты ашып, асханалық қолғаптарды киіп, суы бар ыдысты құралдан 
шағарып алыңыз. Суды шұңғылшаға төгіп, құралдың ыдысын және ішкі қақпақтың бетін құрғатып 
сүртіңіз. 
Құралдың ішкі жағындағы керамикалық жыбынын  тазарту үшін  ыдыс жууға арналған губканы 
пайдаланыңыз. Жуып болған соң,  құралды мұқият  сүртіңіз. 
7. Барлық  аксессуарларды  орнына қойыңыз. 
8. Тағам әзірлеу алдында  мультипісіргіштің ішкі және сыртқы жағы  таза болуы тиіс, сондай-ақ, ішкі 
кастрөл  мен    қыздыратын  қабаттың  арасында  бөгде  заттардың  жоқтығына    көз  жеткізіңіз. 
9. Ішкі ыдысты  (кастрөлді)  мультипісіргішке салыңыз. 
10.  Кастрөлдің  түбі  мен  датчиктері  бар    қыздыратын  қабат  қажетті  орынға  келгенге  дейін,  ішкі 
ыдысты 
мультипісіргіштің 
ішінде 
айналдырып 
бұраңыз.   
11. Қақпағының мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз.  
12.  мультипісіргішті      розеткаға  қосыңыз.  Жоғарыда  аталған  нұсқаулар  орындалмағанда,  құралды 
розеткаға қосуға болмайды. 
 
 
Басқару панелі және дисплей