Polaris PMC 0510 AD 用户手册

下载
页码 45
43 
 
«Бастауды кейінге қалдыру» функциясы 
 
«Кейінге қалдырылған старт»  функциясы тағамды қажет уақытына   әзірлеуге мүмкіндік береді. 
Алайда,    тағамның  қоспаларында  тез  бұзылатын  өнімдер  болса,  стартты  ұзақ  уақытқа      созып 
алмаңыз. 
 
Бастауды кейінге қалдыру функциясын орнату 
 
Бағдарламаны таңдап, тағамды пісіру үшін қажетті уақытты орнатқаннан кейін «Бастауды кейінге 
қалдыру» батырмасын басып, Сіз тағамның қай уақытта дайын болатын қалаған уақытты орната 
аласыз. «Минуттар»  батырмасы арқылы өзіңізге тиімді уақыттың мәнін  1 сағаттан бастап 24 сағатқа 
дейін, 30 минут орнату қадамымен уақыт диапазонында орнатыңыз.  
Мысалы, қазір сағат 13:00 шамасы, ал Сіз  демек, тағам сағат 18:00 дайын болсын деп жоспарлайсыз, 
сонымен  Сізге  пісіру  процесін  бастауды  кейінге  қалдыру  үшін  «Бастауды  кейінге  қалдыру» 
функциясын 5 сағатқа орнату қажет.  
-  «Старт»  бастау  батырмасын  басыңыз.  Содан  кейін  жарық  индикаторы  жанып,  дисплейде 
тағам пісіру процесінің уақыттың кері  санауы  көрсетіледі. Пісіру процесінің уақыттың кері  
санауы  аяқталған кезде тағам дайын болады. 
-  Пісіру  процесі  аяқталғаннан  кейін  «температураны  қолдау»  функциясы  автоматты  түрде 
қосылады.  Осы функцияға сәйкес жарық индикаторы жанады.  
 
Назар аударыңыз! «Бастауды кейінге қалдыру» функциясы  «Паста/Тұшпара», «Жылыту» және  
«Мультиаспаз» режимдері үшін қолданылмайды. 
 
Тазарту және күтім 
 
- Мультипісіргіштың  алюминий жабынын және булап пісіргішті, ішкі ыдысты  (кастрөл) жуған 
кезде  тек қана жұмсақ  губканы, жылы суды , абразивті емес жуғыш құралын пайдаланыңыз. 
Мультипісіргіштың ластанған жерін тазарту үшін  темір сымы бар қылшақтарды  және  еріткіштерді 
қолданбаңыз. 
- Егер тағамның қалдығы  кастрөлге жабысып қалса, жуардың алдында суға матырып қойыңыз. Ішкі 
ыдысты сүртіңіз. 
- Корпусты суға  батырмаңыз және  ішкі ыдыссыз тағам әзірлемеңіз. 
- Ішкі кастрөлді  және булап пісіргішті  ыдысжуғыш машинада жууға болады. 
- Ыдысжуғыш  машинада жуған кезде, ішкі кастрөлдің  ыдысжуғыш  машинаның құрамдас 
бөлшектеріне зақымданбауын   қадағалаңыз. 
- Тағамды  кастрөлдің ішінде кесуге болмайды. 
- Ішкі ыдыстың дұрыс  орнатылғанына көз жеткізіңіз. 
 
 
 Кастрөлді пайдалану кезіндегі сақтандыру шаралары  
- Араластыру үшін тек қана  ағаш қасықты немесе  арнайы  пластмасса қасықты  
пайдаланыңыз. 
- Кастрөлге сіркесу құймаңыз , бұл жабынды бүлдіруі мүмкін. 
- Біраз уақыт өткеннен кейін  судың  және жуғыш заттармен жанасуына байланысты кастрөлдің түсі   
өзгеруі мүмкін, бұл қалыпты құбылыс және  мультипісіргішті әрі қарай еш қорықпастан пайдалана 
беруге  болады. 
 
Корпустың сыртын, қақпақты,  мультипісіргіштің  электр сымын  тазарту үшін  ылғал шүберекті 
пайдаланыңыз. Абразивті заттарды қолданбаңыз. 
Мультипісіргіштің  сыртқы бетін ағып тұрған судың астында жууға болмайды. Бұл электр 
құралының зақымдануына әкеп соғады.