Samsung Galaxy Tab A 9.7 SM-T 550 16 Gb черный 用户手册

下载
页码 729
Қазақ тілі 
364
Құрылғы зарядталып жатқанда оны пайдаланбаңыз немесе 
құрылғыны ылғал қолмен ұстамаңыз
Бұлай істеу ток соғуына әкелуі мүмкін.
Зарядтағышты немесе құрылғыны қысқа тұйықталуға 
ұшыратпаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін я болмаса 
батарея дұрыс жұмыс істемеуі немесе жарылуы мүмкін.
Найзағай кезінде құрылғыңызды сыртта пайдаланбаңыз
Бұлай істеу ток соғуына немесе құрылғының дұрыс жұмыс істемеуіне 
әкелуі мүмкін.
Өнім жасаушысы мақұлдаған батареяларды, зарядтағыштарды, 
қосымша құралдарды және жабдықтарды пайдаланыңыз
•  Әмбебап батареяларды немесе зарядтағыштарды қолдану 
құрылғының қызмет ету уақытын кемітуі немесе құрылғының 
дұрыс жұмыс істемеуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл өрт 
тудыруы немесе батареяның жарылуына әкелуі мүмкін.
•  Тек өз құрылғыңызға арналған және Samsung мақұлдаған батарея 
мен зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Сәйкес емес батарея мен 
зарядтағыш едәуір жарақаттануға немесе құрылғыны зақымдауға 
себеп болуы мүмкін.
•  Samsung корпорациясы Samsung бекітпеген аксессуарларды 
не керек-жарақтарды пайдаланған кезде пайдаланушының 
қауіпсіздігіне жауапты емес.
Құрылғыңызды артқы қалталарда немесе беліңізде ұстамаңыз
•  Тым көп қысым қолданылса, құрылғы зақымдалуы, жарылуы 
немесе өртке әкелуі мүмкін.
•  Ұрылсаңыз немесе құласаңыз, жарақат алуыңыз мүмкін.
Зарядтағышты немесе құрылғыны түсіріп не соғып алмаңыз