Samsung 27" TV-монитор T27D590EX премиум-класса с металлической подставкой 用户手册

下载
页码 89
Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы
Кенсингтон құлпы - құрылғыны көпшілік орындарында қолданғанда бекітіп қоюға арналған құрал.
Кенсингтон құлпының сымын үлкен, жылжымайтын затқа орап, содан кейін құлыпты құрылғының арт 
жағындағы Кенсингтон ұяшығына саласыз. 
Құлыптың сыртқы көрінісі және құлыптау тәсілі, құлыпты өндірушіге байланысты келесі суретте көрсетілгеннен 
өзгеше болуы мүмкін. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдану туралы ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығын 
қараңыз. Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды.
<Опция >
 
Құрылғының артқы жағындағы “K” таңбасын табыңыз. Кенсингтон ұяшығы “K” таңбасының артында 
орналасқан. 
Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.  Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап 
бекітіңіз.
2.  Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз. 
3.  Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз.
4.  Құлыпты бекітіңіз.
 
Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын 
қараңыз. 
 
Құлыпты жеке сатып алуға болады.
 
Кенсингтон құлпының орналасатын жері, құрылғы үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Казақ - 82
Казақ - 83
Басқа ақпараттар