Samsung 24" изогнутый монитор S24E510C с черным матовым корпусом 用户手册

下载
页码 75
63
Төмендегілерді тексеріңіз.
Орнату мәселесі (ДК режимі)
Мәселелер
Шешімдер
Экран жанып сөніп тұрады.
Құрылғы мен дербес компьютер арасындағы кабельдің дұрыс қосылғанын және 
қосқыштардың мықтап құлыпталғанын тексеріңіз.
HDMI немесе HDMI-DVI кабелі мониторға немесе 
дербес компьютерге қосылған кезде экранның 
барлық төрт жағында бос орындар табылады.
Экранда табылған бос орындар мониторға еш әсер етпейді.
Экрандағы бос орындар дербес компьютер немесе графикалық картаға 
байланысты болады. Ақаулықты шешу үшін графикалық картаның HDMI немесе DVI 
параметрлеріндегі экран өлшемін реттеңіз.
Егер графикалық карта параметрлері мәзірінде экран өлшемін реттейтін опция 
болмаса, графикалық картаның драйверін соңғы нұсқамен жаңартыңыз.
(Экран параметрлерін қалай реттеу керектігі туралы мәліметтер алу үшін графикалық 
карта немесе компьютер өндірушісіне хабарласыңыз.)
Экран мәселесі
Мәселелер
Шешімдер
Қуат жарық диоды өшірілген. Экран қосылмайды.
Қуат кабелінің дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Check Signal Cable
 хабары пайда болады.
Кабельдің құрылғыға дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғыға қосылған құрылғы іске қосулы екенін тексеріңіз.
Not Optimum Mode
 хабары көрсетіледі.
Бұл хабар графикалық картадан түскен сигнал өнімнің ең жоғары ажыратымдылығынан 
не жиілігінен асып түскен жағдайда көрсетіледі.
Құрылғының өнімділігіне сәйкестеу үшін ең жоғары ажыратымдылықты және жиілікті 
өзгертіңіз, стандартты сигнал режимінің кестесін қараңыз (
Экрандағы бейнелер бұрмаланып көрінеді.
Құрылғы кабель қосылымын тексеріңіз.