Samsung 24" изогнутый монитор S24E510C с черным матовым корпусом 用户手册
7
Тазалау
― Тазалаған кезде абайлаңыз, себебі жетілдірілген сұйық кристалдық дисплейлердің
панелі мен сыртқы жағы оңай зақымдалады.
― Тазалаған кезде келесі шараларды қолданыңыз.
― Келесі суреттер тек анықтама ретінде берілген. Нақты жағдайлар суретте көрсетілген
жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.
1
Монитор мен компьютерді қуат көзінен ажыратыңыз.
2
Өнімнен қуат кабелін ажыратыңыз.
― Қуат кабелінің ашасынан ұстаңыз және кабельді ылғал
қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
!
3
Мониторды таза, жұмсақ және құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.
сүртіңіз.
•
Мониторды құрамында спирт, еріткіш
немесе сурфактант бар заттармен
тазаламаңыз.
•
Құрылғыға суды немесе жуғыш затты
тікелей шашпаңыз.
4
Монитордың сыртқы жағын тазалау үшін жұмсақ және
құрғақ шүберекті сулаңыз және жақсылап сығыңыз.
құрғақ шүберекті сулаңыз және жақсылап сығыңыз.
5
Тазалап болғаннан кейін, қуат кабелін мониторға
қосыңыз.
қосыңыз.
6
Монитор мен компьютерді қуат көзіне қосыңыз.
Электр бөлшектері және қауіпсіздік
― Келесі суреттер тек анықтама ретінде берілген. Нақты жағдайлар суретте көрсетілген
жағдайлардан өзгеше болуы мүмкін.
Ескерту
Зақымдалған қуат кабелін немесе ашаны немесе бос розетканы
пайдаланбаңыз.
•
Ток соғуы немесе өрт шығуы мүмкін.
Бір розеткаға бірнеше құрылғыны қоспаңыз.
•
Қызып кеткен розеткалар өртке себеп болуы мүмкін.
Ашаны ылғал қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
!
Қуат ашасын берік тұратындай етіп розеткаға толығымен
тығыңыз.
•
Берік емес байланыс өртке себеп болуы мүмкін.
!
Ашаны жерге жалғанған розеткаға (тек 1-түрдегі изоляцияланған
құрылғылар) қосыңыз.
•
Ток соғуы немесе жарақат алуға алып келуі мүмкін.