Samsung AR5000 Настенный кондиционер, Faster Cooling, 9000 БТЕ/ч 用户手册

下载
页码 55
Сіздің жаңа кондиционеріңіздің техникалық сипаттамалары
2-сатылы салқындату
2-сатылы салқындату орынжайда мониторингті жылдам жүргізуге және қажетті температураны 
орнатуға мүмкіндік береді. Желдеткіштің жылдамдығын және ауа ағынының бағытын 
автоматты орнату сізге ыңғайлылық пен балғындық сезімін сыйлайды.
Жеңіл алынатын сүзгі
Кондиционерден сүзгіні алып тастау алдында торды алып тастаудың қажеті жоқ! Сондықтан сүзгіні 
оңай және жиі тазартуға болады! Сүзгіні жиі тазарту кондиционердің ішкі беткі қабаттарына шаң-
тозаңның түсуін немесе сүзгіде шаң-тозаңның жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Smart Install атқарымы
Орнатуды аяқтағаннан кейін дұрыс орнатылғандығын тексеру үшін кондиционер 
сынамалы тәртіпте өзіндік талдауды іске қосады.
Қарапайым орнату
Орнату өте оңай жүзеге асырылады! Түбіндегі қақпағын ашу арқылы кондиционерді 
қабырғаға оңай орнатуға және түтіктері мен өткізгіштерін жалғауға болады. Түтіктер 
мен өткізгіштерді жалғау үшін енді кондиционерді шалқайтудың қажеті жоқ! 
 атқарымы
 атқарымы ұйықтау үшін ыңғайлы температураны, желдету жылдамдығын 
және ауа ағынының бағытын орнатуға мүмкіндік береді.
Fast cooling атқарымы
Егер сізге салқын ауаның күшті ағыны қажет болса, жылдам салқындату атқарымын таңдау 
жеткілікті болады! Бұл арада ауа ағынының жылдамдығы максималды болады!
Comfort cooling атқарымы
Егер сізге ыңғайлы және таза ауа қажет болса, Comfort атқарымы орынжайда салқын 
ауаны бірқалыпты етіп таратады, бұл жағдайда өзіңізді ыңғайлы сезінесіз.
Single User атқарымы
Егер үйде жалғыз болған жағдайда, Single User атқарымын пайдаланыңыз. Инверттік технологияны 
пайдалана отырып, Single User атқарымы қуаттың тұтынуын минимумға жеткізеді және 
сығымдағыштың максималды қуатын реттеу арқылы электр қуатына қатысты шығынды төмендетеді.
Осы құрылғыны дұрыс тастау
(Қоқысқа тасталатын электр және электроника құрылғысы)
(Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)
Өнімдегі, оның керек-жарақтары немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын (мысалы; 
қуаттағыш құрал, құлақ аспабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек 
дегенді білдіреді.
Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына келетін зиянның алдын алуға және материалдық 
ресурстарды қайтадан қажетке жаратуға өз үлесіңізді қосу үшін бұндай заттарды басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қалдық өнімдерді қайта 
өңдеуден өткізетін жерге апарып тапсырыңыз. 
Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар, осы заттарды қоршаған ортаға залалсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін осы құрылғыны қайда 
апарып тапсыру, қалай тапсыру туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті 
мекемеге хабарласып алуына болады.Коммерциялық мақсатта қолданушылар, өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-
шартының талаптарымен танысуы керек. Осы өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық өнімдердің 
қалдықтарымен араластырып тастауға болмайды.
Қазақша-2
A3050 ER_IB&IM_DB68-04105A-06_HP_KK.indd   2
2016/1/4   11:29:22