Samsung T22C350EX 用户手册

下载
页码 90
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы суреттер мен сызбалар жалпылама ақпарат ретінде ғана берілген және олар 
құрылғының сыртқы көрінісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Құрылғының дизайны мен техникалық сипаттамасы 
алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін. 
Сандық теледидарға қатысты құлақтандыру
1.  Сандық теледидар (СТД) функциялары тек DVB-T (MPEG2 және MPEG4 AVC) сандық жерүсті сигналдары 
таратылатын немесе DVB-C (MPEG2 және MPEG4 AAC) сигналдарымен сыйысымды кабельдік 
телевизия қызметі көрсетілетін елдер/аймақтарда ғана бар. DVB-T немесе DVB-C сигналдарын қабылдау 
мүмкіндігінің бар-жоғын білу үшін жергілікті дилерге хабарласыңыз.
2.  DVB-T дегеніміз, сандық жерүсті сигналдарын таратуға қатысты, ал DVB-C дегеніміз, сандық ТД 
сигналдарын кабель арқылы таратуға қатысты DVB Еуропалық консорциум стандарты болып табылады. 
Дегенмен, EPG (Бағдарламалардың Электрондық Нұсқаулығы), VOD (Сұраныс бойынша Видео) тағы сол 
сияқты ерекше функциялардың түрі бұл нұсқаулықта қамтылмаған. Сондықтан оларға осы сәтте қолдау 
көрсетілмейді.
3.  Сондай-ақ, бұл теледидар ең соңғы DVB-T және DVB-C стандарттарына [Тамыз, 2008] сай жасалса да, 
аталмыш теледидарға бұдан кейін шығатын DVB-T сандық жерүсті және DVB-C кабель таратылымы 
сигналдарын қолдайды деген кепілдік берілмейді.
4.  ТД қолданылатын ел/аймақ түрлеріне қарай, кейбір кабельдік ТД қызметінің провайдерлері көрсеткен 
қызметтері үшін қосымша төлемақы алуы және сіздің олар көрсетіп отырған қызмет шарттарына келісім 
беруіңіз қажет болуы мүмкін.
5.  Кейбір елдерде немесе аймақтарда сандық ТД-дың кей функциялары жұмыс істемеуі және кабельдік 
теледидар провайдерлерінің кейбірі DVB-C қызметін дұрыс көрсете алмауы мүмкін.
6.  Қосымша ақпаратты жергілікті Samsung тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
 
ТД-дың сигналдарды қабылдау сапасына елдер арасындағы сигнал тарату тәсілдерінің әр түрлі 
болуы әсер етуі мүмкін. ТД-дың қалай жұмыс жасайтынын жергілікті SAMSUNG уәкілетті дилеріне 
немесе Samsung байланыс орталығына хабарласып, оны ТД-ды қайта теңшеу арқылы реттеуге 
болатын-болмайтынын тексеріңіз.
Қимылсыз бейнеге қатысты ескерту 
Бейнебетте қимылсыз бейнені (мысалы, jpeg сурет файлдары) немесе қимылсыз сурет элементін (мысалы, 
ТД бағдарламасының логотипі, панорама немесе 4:3 пішіміндегі сурет, экранның астыңғы жағындағы биржа 
жаңалықтары немесе жаңалықтар т.с.с.) көрсетпеуге тырысыңыз. Қимылсыз бейнені үздіксіз көрсеткенде, 
LED жарықтамалы бейнебетте қосарлы сурет пайда болады, бұл суреттің сапасына әсер етеді. Осы әсердің 
салдарын азайту үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз:
 
ТД-дан бір арнаны ұзақ уақыт көрмеңіз.
 
Кез келген суретті ТД экранына толық шығарып көріңіз, ол үшін ТД-дың сурет пішімінің параметрлері 
мәзірін қолданыңыз.
 
Суреттің сапасын қалаған деңгейге қою үшін жарықтылық және контраст мәндерін ең аз мәнге қойыңыз, 
бұл мәннен асырсаңыз "бейнебеттің жануы" үдерісі тездетуі мүмкін.
 
ТД-дың "бейненің қалып қоюы" және "бейнебеттің жануы" тәрізді ақаулықтарды азайтуға арналған 
функцияларының барлығын жиі қолданыңыз, толығырақ ақпаратты эл. нұсқаулықтан қараңыз.
Казақ - 2
Казақ - 3