Samsung T22C350EX 用户手册

下载
页码 90
Ұрлыққа қарсы қолданылатын Кенсингтон құлпы
Кенсингтон құлпы - құрылғыны көпшілік орындарында қолданғанда бекітіп қоюға арналған құрал.
Кенсингтон құлпының сымын үлкен, жылжымайтын затқа орап, содан кейін құлыпты құрылғының арт 
жағындағы Кенсингтон ұяшығына саласыз. 
Құлыптың сыртқы көрінісі және құлыптау тәсілі, құлыпты өндірушіге байланысты келесі суретте көрсетілгеннен 
өзгеше болуы мүмкін. Кенсингтон құлпын дұрыс қолдану туралы ақпаратты оның пайдаланушы нұсқаулығын 
қараңыз. Samsung компаниясы Кенсингтон құлпымен жабдықтамайды.
<Опция >
 
Құрылғының артқы жағындағы “K” таңбасын табыңыз. Кенсингтон ұяшығы “K” таңбасының артында 
орналасқан. 
Құрылғыны құрсаулау үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.  Кенсингтон құлпының сымын тақта немесе орындық тәрізді үлкен, орнықты затты айналдыра орап 
бекітіңіз.
2.  Сымның құлып бекітілген ұшын Кенсингтон құлпы сымының құлақшасы бар ұшынан өткізіңіз. 
3.  Бекіту құралын құрылғының Кенсингтон ұяшығына салыңыз.
4.  Құлыпты бекітіңіз.
 
Бұл жалпылама нұсқаулар. Нақты нұсқау алу үшін, бекіту құралының пайдаланушы нұсқаулығын 
қараңыз. 
 
Құлыпты жеке сатып алуға болады.
 
Кенсингтон құлпының орналасатын жері, құрылғы үлгісіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Сақтау және күтім көрсету 
Егер құрылғы экранына жапсырма жабысып тұрса, жапсырманы алғаннан кейін орны сәл ластанып қалуы 
мүмкін. Құрылғыға қарауға кіріспей тұрып осы қоқысты тазалаңыз. 
Құрылғы корпусының сыртына және бейнебетіне тазалау барысында сызат түсуі мүмкін. Құрылғы корпусының 
сыртын және бейнебетін тазалаған кезде сызат түспес үшін, жинақпен берілген шүберекті немесе жұмсақ 
шүберекті қолдануды ұмытпаңыз. 
Құрылғыға су шашуға болмайды. Құрылғыға кірген 
кез келген сұйық зат оны бүлдіруі, өртке себеп 
болуы немесе электр қатерін тудыруы мүмкін. 
Құрылғыны аз ғана су сіңірілген жұмсақ шүберекпен 
тазалаңыз. Тұтанғыш сұйықтарды (мысалы, бензин, 
сұйылтқыш) немесе тазалағыш затты қолданбаңыз.
Казақ - 84
Казақ - 85
Басқа ақпараттар