Samsung 32" Изогнутый монитор с технологией Eye Saver Mode 用户手册

下载
页码 44
6
Ескерту
 • Құрылғының үстіне шырағдан, шыбын-шіркейді үркітетін құрал немесе темекі қоймаңыз. 
Құрылғыны жылу көздерінің жанына орнатпаңыз.
 • Құрылғыны кітап сөресі немесе қабырға шкафы сияқты нашар желдетілетін жерлерге 
орнатпаңыз.
 • Желдетуді қамтамасыз ету үшін құрылғыны қабырғадан кемінде 10 см қашықтықта 
орнатыңыз.
 • Пластмасса қалтаны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
 
‒ Балалар тұншығып қалуы мүмкін.
 • Құрылғыны тұрақсыз немесе дірілдейтін бетке орнатпаңыз (берік емес сөре, көлбеу бет, т.б.)
 
‒ Құрылғы құлап кетуі, зақымдалуы және/немесе адамды жарақаттауы мүмкін.
 
‒ Құрылғыны қатты дірілдейтін жерде пайдалану құрылғының зақымдануына немесе өртке 
себеп болуы мүмкін.
 • Құрылғыны көліктің ішіне немесе шаң, дымқыл (су тамшылары, т.б.), май немесе түтін 
болатын жерге орнатпаңыз.
 • Құрылғыны тікелей күн сәулесіне, ыстыққа немесе пеш сияқты ыстық заттың қасына 
орнатпаңыз.
 
‒ Құрылғының қызмет ету мерзімі азаюы немесе өрт шығуы мүмкін.
 • Құрылғыны балалардың қолы жететін жерге орнатпаңыз.
 
‒ Құрылғы құлап кетіп, балаларды жарақаттауы мүмкін.
 • Тағамдық майлар (соя майы сияқты) өнімді зақымдауы немесе пішінін өзгертуі мүмкін. 
Өнімді май ластануынан алшақ ұстаңыз. Сонымен қатар, өнімді ас үйге немесе ас үй пешінің 
жанында орнатпаңыз не пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз
 • Құрылғыны жылжытқан кезде оны құлатып алмаңыз.
 • Құрылғыны алдыңғы жағын төменге қаратып қоймаңыз.
 • Құрылғыны шкафқа немесе сөреге орнатқанда, құрылғының алдыңғы жағының төменгі жиегі 
алға қарай шығып тұрмауы тиіс.
 
‒ Құрылғы құлап кетуі, зақымдалуы және/немесе адамды жарақаттауы мүмкін.
 
‒ Құрылғыны тек дұрыс өлшемді шкафқа немесе сөреге орнатыңыз.
 • Өнімді ақырындап қойыңыз.
 
‒ Құрылғының ақауына немесе адам жарақатына себеп болуы мүмкін.
 • Құрылғыны әдеттен тыс жерге (көп мөлшерде майда бөлшектер, химиялық заттар немесе 
қалыптыдан тыс температуралы немесе ылғалды орындар немесе өнім ұзақ уақыт бойы 
үздіксіз жұмыс істеген орындарда) орнату оның қалыпты жұмыс істеуіне көп әсер етуі мүмкін.
 
‒ Егер құрылғыны сондай жерге орнатқыңыз келсе, міндетті түрде Samsung компаниясының 
клиенттерге қызмет көрсету орталығымен кеңесіңіз.
Орнату