Samsung WB350F 用户手册

下载
页码 172
Сымсыз желі
  121
Фотосуреттер мен бейнелерді смартфонға жіберу
Камера WLAN желісі арқылы MobileLink мүмкіндігіне қолдау көрсететін смартфонға қосылады. Фотосуреттерді немесе бейнелерді смартфонға оңай жіберуге 
болады.
•  
MobileLink мүмкіндігіне Android немесе iOS жүйесі орнатылған смартфондар немесе планшеттер қолдау көрсетеді. Кейбір мүмкіндіктерге кейбір үлгілер қолдау 
көрсетпеуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті пайдалану алдында құрылғының шағын бағдарламасын соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Егер шағын бағдарламаның соңғы нұсқасы 
болмаса, бұл функция дұрыс істемеуі мүмкін.
•  
Бұл мүмкіндікті пайдалану алдында телефонға немесе құрылғыға Samsung SMART CAMERA App орнату қажет. Бағдарламаны Samsung Apps, Google Play Store немесе 
Apple App Store қызметінен жүктеп алуға болады. Samsung SMART CAMERA App 2013 жылы немесе кейін өндірілген Samsung камерасының үлгілерімен үйлесімді.
•  
Камера жадында файлдар болмаған кезде бұл мүмкіндікті пайдалану мүмкін емес.
•  
Егер файлдарды смартфоннан таңдасаңыз, бір уақытта 1.000 дейін соңғы файлды қарап, 1.000 дейін файлды жіберуге болады. Егер файлдарды камерадан таңдасаңыз, 
камерадан таңдалған файлдарды қарауға болады. Жіберуге болатын ең көп файлдар саны смартфонның сақтау орнына қарай әр түрлі болады.
•  
MobileLink мүмкіндігі арқылы Full HD бейнелерін жіберген кезде кейбір құрылғыларда файлдар ойнатылмауы мүмкін.
•  
iOS құрылғысында бұл мүмкіндікті пайдаланған кезде құрылғы Wi-Fi қосылымын жоғалтуы мүмкін.
•  
Егер камерада 30 секунд бойы ешбір әрекет орындалмаса, экран өшеді.
•   Егер Камерадағы файлдарды таңдау (бірнеше смартфонға қосылу) 
таңдасаңыз, 4 дейін смартфонға қосылып, камерадан жіберілетін 
файлдарды таңдауға болады. Файлдарды бірнеше смартфонға 
тасымалдау файлдарды бір құрылғыға тасымалдаудан ұзағырақ болуы 
мүмкін.
Смартфонда Samsung SMART CAMERA App Қосыңыз.
•   iOS құрылғылары үшін қолданбаны қоспай тұрып Wi-Fi мүмкіндігін 
қосыңыз.
•   NFC қолдауы бар смартфонда бағдарламаны автоматты түрде іске 
қосу үшін функцияны қосып, смартфонды камерадағы NFC белгісінің 
Тізімнен камераны таңдап, смартфонды камераға қосыңыз.
•   Смартфон бір рет ішінде тек бір камераға қосыла алады.
•   Wi-Fi құпиялық құлпы қосылған болса, смартфонда камерада 
көрсетілген PIN кодын енгізіңіз.
Камерада режимді таңдау дискін w күйіне бұраңыз.
Камерада   таңдаңыз.
•   Егер қолданбаны жүктеуді ұсынатын қалқымалы хабар пайда болса 
Келесі пәрменін таңдаңыз.
•   Смартфонды камераға қосқанда PIN кодын растауды талап ету үшін 
Қауіпсіздік параметрлерітармағын таңдаңыз. (143-б.)
Камерада жіберу параметрін таңдаңыз. 
•   Егер Смартфондағы файлдарды таңдау таңдасаңыз, камерада 
сақталған файлдарды қарау және ортақтасу үшін смартфонды 
пайдалануға болады. Егер смартфонда 30 секунд бойы ешбір әрекет 
орындалмаса, экран өшеді.
•   Егер Камерадағы файлдарды таңдау (бір смартфонға қосылу) 
таңдасаңыз, камерадан жіберілетін файлдарды таңдауға болады.