Samsung 34” Изогнутый LED монитор C34F791WQI 用户手册

下载
页码 45
5
Тазалау
 
― Тазалаған кезде келесі шараларды қолданыңыз.
Монитор мен компьютерді қуат көзінен ажыратыңыз.
Өнімнен қуат кабелін ажыратыңыз.
 
― Қуат кабелінің ашасынан ұстаңыз және кабельді ылғал қолмен ұстамаңыз. Әйтпесе, ток соғуы мүмкін.
Мониторды таза, жұмсақ және құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
 
‒ Мониторды құрамында спирт, еріткіш немесе сурфактант бар заттармен тазаламаңыз.
 
‒ Құрылғыға суды немесе жуғыш затты тікелей шашпаңыз.
Монитордың сыртқы жағын тазалау үшін жұмсақ және құрғақ шүберекті сулаңыз және 
жақсылап сығыңыз.
Тазалап болғаннан кейін, қуат кабелін мониторға қосыңыз.
Монитор мен компьютерді қуат көзіне қосыңыз.
Электр бөлшектері және қауіпсіздік
Ескерту
 
• Зақымдалған қуат кабелін немесе ашаны немесе бос розетканы пайдаланбаңыз.
 
• Бір розеткаға бірнеше құрылғыны қоспаңыз.
 
• Ашаны ылғал қолмен ұстамаңыз.
 
• Қуат ашасын берік тұратындай етіп розеткаға толығымен тығыңыз.
 
• Ашаны жерге жалғанған розеткаға (тек 1-түрдегі изоляцияланған құрылғылар) қосыңыз.
 
• Қуат сымын қатты күш салып бүкпеңіз немесе тартпаңыз. Қуат кабелін ауыр заттың астында 
қалдырмаңыз.
 
• Қуат кабелін немесе құрылғыны жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
 
• Ашаның ұшындағы немесе розеткадағы шаңды құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
Назар аударыңыз
 
• Құрылғы пайдаланылып жатқан кезде қуат кабелін ажыратпаңыз.
 
• Құрылғымен бірге Samsung компаниясынан алынған қуат кабелін ғана пайдаланыңыз. Қуат 
кабелін басқа құрылғылармен пайдаланбаңыз.
 
• Қуат кабелі қосылған жердегі розетка қол жетімді болуы тиіс.
 
‒ Ақау пайда болған кезде құрылғыны қуат көзінен ажырату үшін қуат кабелін ажырату керек.
 
• Қуат кабелін розеткадан ажыратқан кезде ашасынан ұстаңыз.