Samsung TC242W 用户手册

下载
页码 97
42
"Windows Embedded Standard 7" 
бағдарламасын қолдану
2
2 "Windows Embedded Standard 7" бағдарламасын қолдану
2.3.5 Жүйені қалпына келтіру
Шолу
WES клиенті жұмыс кезінде өрескел жүйе ақаулары пайда болған жағдайда жүйені соңғы 
сақтық көшірме күйіне немесе əдепкі параметрлерді қалпына келтіретін мүмкіндік ұсынады. 
Қалыпты жұмыс істейтін АЖ кескінін USB жадына немесе PXE серверіне көшіруге болады. 
Клиенттік компьютерде осы ақаулықтардың бірі болған кезде көшірмесі жасалған кескінге 
оралуға болады:
Жүйе файлы байқаусызда жойылғанда немесе бүлінген кезде
Клиенттік компьютер тұрақсыз немесе құрылғы драйверінде ақаулық болған кезде
Жаңа бағдарлама немесе құрылғы орнатқаннан кейін ақаулықтар пайда болған кезде
Клиенттік компьютер вируспен қағынған кезде
Жүйе файлы жойылғанда немесе бүлінген кезде Windows Embedded Standard жүйесі іске 
қосылмаған кезде
Жүйені қалпына келтіру əдісі
USB жадысы арқылы қалпына келтіру
Осы қадамдарды орындау арқылы барлық қажетті файлдарды USB жадына сақтауға жəне 
USB жадындағы көшірмесі жасалған жүйемен іске қосуға жəне жүйені қалпына келтіруге 
болады.
1
Жүйені іске қосу үшін USB есте сақтау құрылғысын пішімдеңіз.
2
Windows Embedded Standard жүйесінің кескінін жəне USB жадына кейінірек қалпына 
келтірілетін көшіру/қалпына келтіру бағдарламасын сақтаңыз.
3
USB жадымен іске қосыңыз.
4
Жүйені Windows Embedded Standard кескінін жəне USB жадындағы көшіру/қалпына 
келтіру бағдарламасын қолдану арқылы қалпына келтіріңіз.
Желіден жүктеу арқылы қалпына келтіру
Бұл əдісті PXE (Preboot eXecution Environment) сервері қамтамасыз етеді. PXE сервері 
TCP/IPDHCP жəне TFTP негізделген клиент/сервер тілдесуін қамтамасыз етеді. Ол 
қашықтағы əкімшіге амалдық жүйені клиенттік компьютерге желі бойынша теңшеуге жəне 
жүктеуге мүмкіндік береді.
PXE серверін іске қосыңыз.
Windows Embedded Standard жүйесінің кескінін жəне PXE серверіне кейінірек 
қалпына келтірілетін көшіру/қалпына келтіру бағдарламасын сақтаңыз.
Клиенттік компьютерді желі арқылы іске қосыңыз.
Жүйені Windows Embedded Standard кескінін жəне PXE серверінде желі арқылы 
сақталған көшіру/қалпына келтіру бағдарламасы арқылы қалпына келтіріңіз.