Panasonic TY-EW3D2 操作指南
2 - ҚАЗАҚ
Қауіпсіздік шаралары
Қауіпті
Қызып кету туралы
3D көзілдірігіңізді жанып, қызып тұрған немесе ыстық жерлерге
тастап кетпеңіз.
3D көзілдірігінің құрамында литий-иондық полимер қайта зарядталатын
батарея бар, сондықтан қызып кету, күйіп қалу немесе өрт шығуына
әкелетін жану немесе жарылуға себеп болуы мүмкін.
Ескерту
Кішкентай бөлшектер
Бұл өнімнің құрамында ұсақ бөлшектер бар (ферриттік өзек және
т.б.) және балалар оларды жұтып қоймауы үшін қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз.
Бөлшектеу
3D көзілдірігін бөлшектемеңіз немесе жаңартпаңыз.
Өнімді пайдаланыстан алған кезде, “Пайдаланыстан алу” (10-бет)
бөлімін қараңыз және қайта зарядталатын батарея дұрыстап
алыңыз.
Зарядтау туралы
3D қолдайтын Panasonic ТД-ның USB терминалына жинаққа
кіретін зарядтау кабелін жалғау арқылы зарядтаңыз. Басқа
құрылғылармен зарядтау батареяның ағуына, қызуына немесе
жарылуына себеп болуы мүмкін.
Жинаққа кіретін зарядтау кабелін 3D көзілдірігін зарядтаудан
басқа мақсатта қолданбаңыз.