Panasonic ERSB60 操作指南

下载
页码 68
52

Қа
зақ
ша
Қауіпсіздік шаралары
Жарақат алу, өлім, ток соғу, өрт шығу және мүліктің зақымдалу 
қауіптерін азайту үшін төмендегі қауіпсіздік шараларын әрдайым 
сақтаңыз.
Белгілердің мағынасы
Төмендегі белгілер сақталмай, тиіссіз түрде пайдалану орын алған 
кезде пайда болатын қауіп, жарақат және мүліктің зақымдалу 
деңгейін жіктеу және сипаттау үшін қолданылады.
ҚАУІПТІ
Ауыр жарақатқа немесе 
өлімге себеп болатын 
ықтимал қауіпті көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақатқа немесе 
өлімге себеп болуы мүмкін 
ықтимал қауіпті көрсетеді.
САҚТАНДЫРУ
Орташа жарақатқа немесе 
мүліктің зақымдалуына 
себеп болуы мүмкін қауіпті 
көрсетеді.
Төмендегі белгілер сақталуы тиіс нұсқауларды жіктеп, түрлерін сипаттайды.
Бұл белгі белгілі бір жұмыс процедурасының орындалмауы 
тиіс екенін пайдаланушыларға білдіреді.
Бұл белгі құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін белгілі бір 
процедураның орындалуы тиіс екенін пайдаланушыларға 
білдіреді.
ЕСКЕРТУ
 
Қуат көзі
Қолыңыз су болған кезде адаптерді розеткаға қосуға 
немесе одан суыруға болмайды.
‑ Әйтпесе, ток соғуы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.
Айнымалы тоқ адаптерін және зарядтау құрылғысын 
суға батырмаңыз немесе сумен жумаңыз.
Айнымалы ток адаптері жалғанған кезде сумен тазаламаңыз.
Айнымалы ток адаптерін және зарядтау құрылғысын 
су толтырылған раковина немесе ваннаның үстіне 
немесе жанына қоюға болмайды.
Айнымалы ток адаптері зақымдалған немесе қуат 
айыры розеткаға орнықсыз бекітілген жағдайда 
құралды пайдалануға тыйым салынады.
Сымды зақымдауға, өзгертуге немесе күшпен 
майыстыруға, тартуға немесе бұрауға болмайды. 
Сондай-ақ, сымға ауыр зат қоюға немесе оны қысып 
тастауға болмайды.
‑ Әйтпесе, қысқа тұйықталу себебінен ток соғуы немесе өрт 
шығуы мүмкін.
Розетка немесе сымдардың номиналды қуатынан 
асатын түрде қолданбаңыз.
‑ Бір розеткаға тым көп айыр қосу арқылы номиналды қуаттан 
асып кетсеңіз, қызып кету себебінен өрт шығуы мүмкін.
Бірге берілген айнымалы ток адаптерін және зарядтау 
құрылғысын басқа ешбір мақсатта пайдалануға болмайды.  
Сондай-ақ, бірге берілген айнымалы ток адаптерімен 
және зарядтау құрылғысымен ешбір басқа өнімді 
пайдаланбаңыз. (56 бетін қараңыз.)
‑ Әйтпесе, қысқа тұйықталуға байланысты күйіп қалуыңыз 
немесе өрт шығуы мүмкін.
ER-SB60_CIS.indb   52
2017/08/04   16:27:39