Philips BT6600B/12 用户手册
7
KK
4 Bluetooth
құрылғыларын
пайдалану
Бұл динамикпен Bluetooth қосылған
құрылғылардан дыбысты тыңдауға және
Bluetooth арқылы кіріс қоңырауын басқаруға
болады.
Құрылғыны қосу
Ескертпе
•
Динамик ең көбі үш жұпталған құрылғыны есте
сақтай алады. Төртінші жұпталған құрылғы біріншісін
ауыстырады.
•
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосылып
тұрғанын және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын
тексеріңіз.
•
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысының
арасындағы кез келген кедергі жұмыс ауқымын
қысқартуы мүмкін.
•
Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
•
Ешқандай дыбыстық кіріс кабелінің AUDIO IN
ұяшығына жалғанбағанын тексеріңіз.
1-параметр: құрылғыны NFC арқылы
қосу
Near Field Communication (NFC) — ұялы
телефондар және IC тегтері сияқты әр түрлі
NFC үйлесімді құрылғылар арасында қысқа
ауқымды сымсыз байланысқа мүмкіндік
беретін технология.
Bluetooth құрылғыңыз NFC технологиясын
қолдаса, оны осы динамикпен оңай қоса
аласыз.
1
Bluetooth құрылғысында NFC
функциясын қосыңыз (оның
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2
Динамикті қосыңыз.
»
Көк ЖШД индикаторы
жыпылықтайды.
3
Динамиктің жоғарғы жағындағы NFC
тегіне Bluetooth құрылғысының NFC
аумағын тигізіңіз.
4
Жұптау және қосу әрекетін аяқтау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
»
Сәтті қосудан кейін динамик екі
рет сигнал шығарады және ЖШД
индикаторы тұтас көк түспен
жанады.
• Динамик музыка ойнату кезінде
сигнал шығармайды, тек ЖШД
индикаторы көк түсті болып
жыпылықтайды.
2-параметр: құрылғыны қолмен қосу
Ескертпе
•
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
1
Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз және жұптастыруға
болатын Bluetooth құрылғыларын іздеңіз
(құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз).
2
Динамикті қосыңыз.
»
Көк ЖШД индикаторы
жыпылықтайды.
3
Жұптау үшін құрылғыда көрсетілген
[Philips BT6600] құрылғысын таңдаңыз.
Қажет болса, жұптау құпия сөзі ретінде
«0000» мәнін енгізіңіз.