Samsung DV180F Benutzerhandbuch

Seite von 156
Суретке түсіру параметрлері
  61
Қызыл көзді болдырмау
Егер адамның фотосуретін қараңғыда түсірген кезде жарқыл жанса, 
адамның көздерінде қызыл жарқырау пайда болуы мүмкін. Жарқыл 
параметрін Көз қызылдығы деп орнатыңыз. «Жарқылды пайдалану» 
ішіндегі жарқыл параметрлерін қараңыз.
  Түзету алдында
  Түзетуден кейін
Жарқылды пайдалану
Фотосуреттерді қараңғыда түсірген кезде немесе фотосуреттерде көбірек 
жарық қажет болған кезде жарқылды пайдаланыңыз.
Суретке түсіру режимінде [F] басыңыз.
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Сипаттама
Өшірулі:
•  Жарқыл жанбайды.
•  Жарық азда түсірген кезде камера діріл ескертуін  
 көрсетеді.
Авто: камера Ақылды авто режимінде анықтайтын көрініс 
үшін дұрыс жарқыл баптауын таңдайды.
Авто: нысан немесе өң қараңғы болған кезде жарқыл 
автоматты түрде жанады.
Қараңғыда түсіру
Фотосуреттерді түнде немесе жарығы аз шарттарда түсіруді үйреніңіз.