LG V490 Operating Guide

Page of 492
27
Планшетті зарядтау
Планшетіңізбен бірге берілетін USB адаптері батареяны зарядтау 
үшін пайдаланылады. Планшетті бірінші рет пайдаланудың алдында 
батареяның толығымен зарядталуын қамтамасыз етіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сіздің құрылғыңызда ішкі қайта зарядталатын батарея 
бар. Қауіпсіздігіңіз үшін, өнімге енгізілген батареяны шығармаңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ! Егер планшет зарядталған кезде сенсорлы экран 
жұмыс істемесе, оған қуат көзінің тұрақсыздығы себеп болуы мүмкін. 
Мұндай жағдай орын алса, USB кабелін құрылғыдан ажыратыңыз 
немесе USB адаптерін қуат көзінен суырып алыңыз.
USB адаптері мен USB кабелін жалғаңыз.
USB кабелін (төменде көрсетілгендей) планшеттің зарядтау/USB 
портына қосыңыз.
Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.