LG V490 Operating Guide

Page of 492
29
Батареяны пайдаланатын бағдарламаларды бақылау және 
басқару
Негізгі экранда 
Қосымшалар   > Баптаулар   > Планшет 
туралы > Батарея > Батареяны қолдану тармағын түртіңіз.
Экран батарея қолданысының уақыты және батарея қуатын ең көптен 
ең азына дейін пайдаланатын қолданбаларды немесе қызметтерді 
көрсетеді.
SIM картасын салу
SIM картасын орнату үшін, ұя орнын тауып, оның қақпағын ашыңыз.
Саусағыңыздың тырнағын ойыққа салып, SIM картасының науасын 
жайлап тартып шығарыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қақпақ астында екі ұя бар (екінші ұя microSD картасына 
арналған).
ЕСКЕРТПЕ: Егер SIM картасын ауыстырсаңыз, SIM картасын 
салғаннан кейін, планшетті қайта іске қосуыңыз қажет.
SIM картасының сары түсті түйіспе аймағын науаға жоғары қаратып 
салыңыз. Науаны "сырт" етіп, орнына түскенше ұяның ішіне қарай 
итеріңіз және қақпақты жабыңыз.