LG H955 Owner's Manual

Page of 490
34
Басты экраныңыз
Виджеттер — «Қолданбалар» тартпасы немесе басты экран
арқылы қол жеткізуге болатын автономдық қолданбалар.
Төте жолдан ерекшелігі — виджет экрандық қолданба ретінде
жұмыс істей алады.
Белгішені (қолданба, қалта, т.б.) ашу және пайдалану үшін
оны түртіңіз.
Қазіргі уақытта көріп жатқан басты экран кенебін көрсетеді.
Кез келген басты экран кенебінде функцияға бір рет түртіп қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Кері 
пернесі
Алдыңғы экранға оралады. Сонымен қатар,
мәзірлер, диалогтық терезелер және экрандағы
пернетақта сияқты қалқымалы элементтерді
жабады. Қос терезеге өту үшін түртіп, ұстап
тұрыңыз.
«Негізгі 
экран» 
пернесі 
Кез келген экраннан негізгі экранға қайтарады.
Соңғы 
пернесі
Соңғы пайдаланылған қолданбаларды көрсетеді.
Түртіп, ұстап тұрсаңыз, осы перне қолжетімді
опциялар мәзірін ашады.
Кеңейтілген басты экран
Операциялық жүйе белгішелер, виджеттер және басқаларын
қосуға қосымша орын қалдыру үшін бірнеше басты экран
кенебімен қамтамасыз етеді.
Қосымша кенептерге қол жеткізу үшін саусақты экранда солға
немесе оңға сырғытыңыз.