LG H955 Owner's Manual

Page of 490
35
Басты экраныңыз
Басты экранды реттеу
Басты экранды қолданбалар мен виджеттер қосу әрі
тұсқағаздарды өзгерту арқылы реттеуге болады.
Басты экранға элементтер қосу
1  
Негізгі экранның бос жерін түртіп, ұстап тұрыңыз.
2  
Режим қосу мәзірінде қосқыңыз келген элементті таңдаңыз.
Содан кейін бұл қосылған элемент басты экран кенебінде
көрінеді.
3  
Оны керек жерге алып барып, саусағыңызды алыңыз.
КЕҢЕС! Басты экранға қолданбалар мәзірінен бір қолданба белгішесін
қосу үшін қосылатын қолданбаны түртіп, ұстап тұрыңыз.
Элементті басты экраннан жою
Өзіндік бет экраны > жойылатын белгішені түртіп, ұстап
тұрыңыз > оны   қарай сүйреңіз.
Қолданбаны жылдам перне етіп қосу
Қолданбалар мәзірінен немесе негізгі экранда қолданбалар
белгішесін басып тұрып, оны жылдам перне аумағына алып
барыңыз. 7 қолданбаға дейін қосуға болады.
Қолданбаны жылдам перне аумағынан жою
Қажетті жылдам пернені басып тұрып, оны   аумағына алып
барыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:   Қосымшалар пернесін жою мүмкін емес.